Абай облысында білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беруді қамтитын бағыттар бойынша жүйелі түрде дамып келеді
Абай облысында білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беруді қамтитын бағыттар бойынша жүйелі түрде дамып келеді.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Облыстағы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 375 бірлікті құрайды, оның ішінде 186 балабақша және 189 шағын орталық бар. Балалардың жалпы контингенті – 24002 бала, оның ішінде 9 927 бала жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарға барады. Облыста 9 586 баланы қамтитын 90 мемлекеттік балабақша және 9 927 бала тәрбиеленіп жатқан 96 жекеменшік балабақша жұмыс істейді.
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші – 100%, ал 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту деңгейі – 97,5%. Мектепке дейінгі ұйымдарда 2 597 педагог еңбек етеді, оның ішінде 2 142 меңгеруші, әдіскер және тәрбиеші бар. Олардың 1 950-і (91%) бейінді білім алған мамандар.
Облыстағы барлық мектепке дейінгі ұйымдар 100% бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұрған балалар саны – 3,9 мың, оның ішінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар бар.
2026 жылдың басынан бері облыста мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған 641 орындық 12 мектепке дейінгі ұйым ашылды.
Абай облысында балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою және жолдама алу рәсімдері Balabagsha Smart Nation жүйе арқылы автоматтандырылған
Орта білім беру
2026-2027 оқу жылы облыста 99 657 оқушы білім алатын 311 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Бірінші сыныпқа 9 793 бала қабылданды, оның ішінде 7052 оқушы қазақ тілінде, 2 595 оқушы орыс тілінде білім алады.
2026 жылғы мектеп бітірушілер саны – 15 304 оқушы. Оның ішінде 9-сыныпты аяқтағандар – 9 239, 11-сыныпты аяқтағандар – 6 065 адам.
«Алтын белгі» белгісінің иегерлері – 432 түлек, үздік аттестат алғандар саны – 464 адам. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 5 651 түлек қатысты, бұл жалпы түлектердің 93%-ын құрайды.
2027 жылы түлектер саны 15 168 оқушы, оның ішінде 9 сынып - 9309, 11 сынып- 5859.
«Алтын белгі» белгі үміткерлеріне болжам бойынша - 471, Үздік аттестат - 469.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге болжам бойынша қатысатын - 5357 түлек немесе 91%.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарымен қатар облыста 7 жекеменшік білім беру ұйымы жұмыс істейді. Олардың барлығы Семей қаласында орналасқан, білім алушылар контингенті – 1 354 оқушы.
2026–2027 оқу жылының қорытындысы бойынша облыстағы 164 күндізгі жалпы білім беретін мектеп (52,5%) шағын жинақты мектептер болып табылады. Бұл мектептерде 11 836 оқушы білім алуда.
Абай облысында мектеп жоқ 121 ауылдық елді мекенде тұратын 2804 мектеп жасындағы бала күнделікті тасымалдаумен қамтылған. Оқушыларды тасымалдау 94 автобус арқылы жүзеге асырылады, оның ішінде 11 автобус жалға алынған.
Облыс мектептерінде цифрлық сыныптар ашылып, оқушылар цифрлық технологияларға қызығушылығын арттырып, бағдарламалау, 3D модельдеу және робототехника бағыттары бойынша білім алуда. Жыл сайын облыстық IT-форумдар, чемпионаттар және фестивальдер өткізіліп, онда IT-сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері ғылыми-технологиялық және IT саласындағы жобаларын таныстырады.
Мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету деңгейі – 100%.
Техникалық және кәсіптік білім беру
Абай облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 32 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 18 мемлекеттік және 14 жекеменшік колледж бар. 2026–2027 оқу жылында колледждерде білім алушылар саны 20 454 адамды құрады, оның ішінде 16421 студент мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуда.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің кадрлық әлеуеті 1 667 педагог қызметкерден тұрады, олардың қатарында оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері бар.
Колледждерде өңір экономикасының сұранысына сай 86 мамандық және 151 біліктілік бойынша кадрлар даярланады. Даярлау бағыттарына құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, энергетика, машина жасау, білім беру, денсаулық сақтау, өнер, байланыс және ақпараттандыру, сондай-ақ қызмет көрсету салалары кіреді.
30 колледжде 70 мамандық бойынша 210 кәсіпорынмен бірлесіп дуальды оқыту жүйесі жүзеге асырылуда. Дуальды оқытуға 4092 студент қамтылған, бұл мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың 25%-ын құрайды.
Кәсіпкерлер палатасының деректеріне сәйкес, облыстың дуальды оқытуды енгізу жөніндегі Жол картасына 23 колледж енгізілген.
Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім беру бағдарламалары халықаралық стандарттар мен жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес тұрақты түрде жаңартылып отырады. Жыл басынан бері «Talap» КЕАҚ білім беру бағдарламалары тізіліміне 224 бағдарлама енгізілді.
Облыстағы 17 колледжде жалпы сыйымдылығы 3 152 орын болатын 20 жатақхана жұмыс істейді. Оның ішінде 17 жатақхана мемлекеттік колледждерге, 3 жатақхана жеке колледждерге тиесілі.
Жатақханалардың нақты толтырылуы 1 978 орынды немесе жобалық сыйымдылықтың 63%-ын құрайды. Қосымша жатақхана салу қажеттілігі жоқ.
Қазақстанның WorldSkills халықаралық қозғалысына қатыса бастаған алғашқы кезеңдерінен бастап Семей қаласының колледждері әртүрлі деңгейдегі – өңірлік, ұлттық және халықаралық чемпионаттарда жүлделі орындар санын толтыруда.
2026 жылы Семей электротехникалық колледжінің студенті Руслан Нестеренко 48-ші WorldSkills Shanghai 2026 әлемдік кәсіби шеберлік чемпионатында қола медаль жеңіпалды. Ол әлемдік чемпионат бағдарламасына алғаш рет енген "Ұшқышсыз авиациялық жүйелер" құзыретінің жүлдегері атанды.
Қазақстан құрамасы барлығы сегіз марапатқа ие болды. Руслан Нестеренко командаға жалғыз қола медаль әкелді. "Best ofNation" сыйлығын "Цифрлық интерактивті медиа дизайны" құзыреттілігінде сөз сөйлеген "Рымбек Байсейітов атындағы жоғары қаржы-экономикалық колледжі" КМҚК студенті Камила Алиева алды.
Осылайша, Абай облысының білім беру жүйесі қолжетімділікті арттыру, цифрлық технологияларды енгізу, тәжірибеге бағытталған оқытуды дамыту және еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар даярлау бағытында тұрақты дамып келеді.
21