«Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігінің Абай облыстық филиалының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Абай облысы мәслихаты депутаттарының сайлауындағы партиялық тізіміне енгізілген Е. Х. Тлеужановты аталған тізімнен шығару туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 105-бабына сәйкес, «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігінің Абай облыстық филиалынан келіп түскен хаты және Е. Х. Тлеужановтың аталған филиалдың партиялық тізімінен шығару туралы өтініші негізінде Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігінің Абай облыстық филиалының партиялық тізіміне енгізілген Тлеужанов Ержан Хамитович аталған тізімнен шығарылсын.
  2. Осы шешім Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.

 

Төраға                                                                             Г. Жігітбаева

 

Хатшы                                                                             Б. Төкенов

 

 

Семей қаласы

2026 жылғы 31 қазан

№ 23

Жарияланған күні

01 қараша 2026 20:27

Жаңарту күні

01 қараша 2026

Түрі