Абай облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Өнеркәсіпте 2 544,3 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өнеркәсіптік өндіріс индексі –101,7%. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 600,6 млрд. теңге немесе нақты көлем индексі – 107,0%.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 4,5% өсіммен 405,7 млрд. теңгені құрады.

Облыс экономикасына 417,7 млрд. теңгеге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі – 102,8%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 240,4 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 111,5%.

Ішкі сауда көлемі 860,4 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 105,8%.

Жыл басынан 108,3% өсіммен, 173,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Көлік қызметтерінің көлемі 179,0 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 113,4%.

Байланыс қызметтерінің көлемі 9,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 102,6%.

Жарияланған күні

28 қазан 2026 16:45

Жаңарту күні

28 қазан 2026

Бағыттар