«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының
5-тармағының 3) тармақшасына, 64-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген)
сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелері қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына жіберілсін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Абай облысының әкімі Б. Уәли