Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша Абай облысында мерзімді тексеру жүргізудің 2026 жылдың ІІ жартыжылдығының жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-2-бабының 2) тармақшасына, 25-6-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 217 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Абай облысының                                2023-2029 жылдары аралығындағы іс-қимыл жоспарының 13-тармағын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдардың құжат айналымындағы мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік көлеміне жүргізілген мониторинг  негізінде:

  1. Абай облысында Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнаманың сақталуын мерзімді тексеру бойынша қоса беріліп отырған 2026 жылдың ІІ жартыжылдығының жоспары бекітілсін (бұдан әрі-Жоспар).
  2. «Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1) Жоспарды Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

2) бекітілген Жоспарға сәйкес мерзімді тексеру жүргізуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы өкімнің орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің орынбасары М. А. Рахановқа жүктелсін.

 

Абай облысының әкімі                                                                      Б. Уәли

 

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша Абай облысында мерзімді тексеру жүргізудің 2026 жылдың ІІ жартыжылдығының жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
03 июня 2026