Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша Абай облысында мерзімді тексеру жүргізудің 2026 жылдың ІІ жартыжылдығының жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-2-бабының 2) тармақшасына, 25-6-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 217 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Абай облысының 2023-2029 жылдары аралығындағы іс-қимыл жоспарының 13-тармағын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдардың құжат айналымындағы мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік көлеміне жүргізілген мониторинг негізінде:
- Абай облысында Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнаманың сақталуын мерзімді тексеру бойынша қоса беріліп отырған 2026 жылдың ІІ жартыжылдығының жоспары бекітілсін (бұдан әрі-Жоспар).
- «Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
1) Жоспарды Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
2) бекітілген Жоспарға сәйкес мерзімді тексеру жүргізуді қамтамасыз етсін.
- Осы өкімнің орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің орынбасары М. А. Рахановқа жүктелсін.
Абай облысының әкімі Б. Уәли
26