Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігі туралы мәселені қарады

 

 

Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясында саяси партиялар партиялық тізімдер бойынша ұсынған Абай облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау мәселесі бойынша отырыс өтті.

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Абай облысы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу үшін «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Әділет» партиясы, «Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясы, Қазақстан Халық партиясы және «Respublica» партиясы партиялық тізімдерін ұсынды.

Отырыс барысында комиссия саяси партиялардың Абай облысы мәслихатының депутаттарын сайлау үшін ұсынған партиялық тізімдеріне енгізілген кандидаттардың құжаттарын қарады.

Ұсынылған материалдарды қарау кезінде кандидаттарды ұсынудың заңнамада белгіленген тәртібінің сақталуы, қажетті құжаттардың толықтығы, сондай-ақ кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілді.

Партиялық тізімдерді қалыптастыру кезінде сайлау заңнамасы талаптарының, оның ішінде әйелдер мен жастардың өкілдігіне қатысты заңнамада көзделген талаптардың сақталуына ерекше назар аударылды.

Ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді қарау қорытындысы бойынша Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы ұсынылған кандидаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін анықтау туралы тиісті шешімдер қабылдады.

Сайлау науқанының келесі кезеңі партиялық тізімдерді тіркеу болады. Тіркеу «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Абай облысы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, заңнамада белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.

Абай облысының

аумақтық сайлау комиссиясы