Абай облысы Семей қаласының мектептерінде сайланған жас көшбасшыларды ұлықтау рәсімі болып өтті.

25-қазан Республика күніне орай Семей қаласының білім бөліміне қарасты барлық 54 мектептің президенттерін ұлықтауға арналған салтанатты жиын өтті.

🎉Салтанатты жиынның маңызды кезеңі мектеп президенттерінің ант беруімен және оларға куәлік тапсыру рәсімімен жалғасты.

Оқушылардың таңдауы бойынша мектеп президенті болып сайланғандар көпшілік алдында ант қабылдап, өзіне артылған сенімді ақтауға және мектептің қоғамдық өміріне белсене атсалысуға ниетті екенін білдірді.

Айта кетейік, оқушылардың сайлау мәдениетін қалыптастыруға, демократиялық құндылықтарды тәжірибе жүзінде танып-білуіне және азаматтық белсенділігін арттыруға қосқан бұл шара Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы жас сайлаушылар клубының қолдауымен , “Дарын” орталығымен бірлесе ұйымдастырылды.