19 мамырда Абай облысының аумақтық сайлау комиссияларымен кеңес өтті.
Кездесу Абай ауданында қазақтың Ұлы ағартушысы Абай Құнанбаевтың отанында өтті. Семинарға аумақтық сайлау комиссияларының (әрі қарай – АСК) барлық төрағалары, олардың орынбасарлары мен хатшылары қатысты.
Сапар барысында облыстың АСК мүшелері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу қорытындыларын шығару мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Сапардың негізгі мақсаттары сайлау заңнамасының жаңалықтарын түсіндіру, сайлау комиссияларының мүшелеріне әдістемелік көмек көрсету болды.
Жиынды облыстың АСК төрағасы Н.А. Фесенко ашып, өткен сайлаудың қорытындылары, жалпы статистика және проблемалық мәселелері туралы айтып берді, сондай-ақ ауылдық округтер әкімдерін сайлаудың негізгі мәселелері туралы хабардар етті.
АСК мүшелерінің заң, қаржы мәселелері, сондай-ақ сайлауды ақпараттық сүйемелдеу және сайлау алдындағы үгіт мәселелері бойынша есептері тыңдалды.
Кездесу ойшыл, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абаймен байланысты қасиетті орындарға барумен аяқталды.

