Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Құрылыс басқармасы бойынша 2024 жылдың қорытындысы мен 2025 жылға жоспар

Басқарманың 2024 жылға бекітілген бюджеті - 75,7 млрд. теңге, оның ішінде: ҚБ арқылы - 34,8 млрд.теңге, қалалар мен аудандардың әкімдіктері арқылы - 40,8 млрд. теңге.

2024 жылдың қорытындысы бойынша - 75,365 млрд.теңге игерілді, бұл 99,5% құрайды.

Басқарманың 2025 жылға бекітілген бюджеті - 27,019 млрд. теңге, оның ішінде: ҚБ арқылы - 16,7 млрд.теңге, қалалар мен аудандардың әкімдіктері арқылы – 10,3 млрд. теңге.

ҚМЖ 2024 жыл

2024 жылы бюджет қаражаты есебінен жалпы құны 69,0 млрд. теңгені құрайтын 96 нысанның құрылысы жүргізілді (оның ішінде 2024 жылы 76 нысанның құрылысы аяқталды және 20 нысан                                2025 жылға ауысты), оның ішінде:

– білім беру саласында жалпы құны 41,7 млрд. теңге болатын 11 нысан;

– денсаулық сақтау саласында жалпы құны 18,5 млрд. теңге болатын 67 нысан;

– спорт саласында жалпы құны 7,6 млрд. теңге болатын 9 нысан;

- мәдениет саласында жалпы құны 687,0 млн. теңге болатын 2 нысан;

- әлеуметтік қамсыздандыру саласында құны 444,7 млн. теңге болатын 1 нысан;

– жалпы құны 156 млн. теңге болатын 6 басқа нысан.

  1. Білім беру саласында 2024 жылы 5 нысан құрылысы аяқталды:

- Семей қаласы Водный кентіндегі 600 орындық мектеп салу;

- Семей қаласы Қарағайлы тұрғын ауданындағы 1200 орындық мектеп салу;

- Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылындағы 300 орындық мектеп салу;

- Үржар ауданының Мақаншы ауылында 140 орынға арналған балабақша салу (жалпы құны – 921,617 млн. теңге) (КДЖ);

- «Педагогикалық колледж» КМҚК ғимаратына жылу желілерін салу» (жалпы құны – 221,4 млн.тг)

2025 жылға ауысатын 6 нысан:

- Аягөз қ. Мясокомбинат шағын ауданындағы 600 орындық мектеп салу;

- Семей қаласы Шығыс оң жақ кентіндегі мектеп салу; 

- Абай ауданы Кеңгірбай би ауылында орналасқан балалар лагерін салу (жалпы құны – 363,157 млн. тг., 2025 жылға дейін игерілді  – 223,1 млн.тг, 2025 жылға - 90,0 млн.тг бөлінді, қосымша қажеттілік – 50,0 млн.тг. (КДЖ);

- Семей қаласында көпфункционалды орталық (оқушылар сарайы) салу (жалпы құны – 11,4 млрд. тг., игерілді - 2,8 млрд.тг, қосымша қажеттілік - 8,6 млрд.тг) (КДЖ);

- Абай облысы, Семей қаласының № 4 жалпы білім беретін мектеп ғимаратына 500 орындық қосымша құрылыс салу (жалпы құны – 2 489,8 млн. теңге, қаражат бөлінген жоқ) (КДЖ);

- Абай облысы, Семей қаласының № 30 жалпы білім беретін мектеп ғимаратына 500 орындық қосымша құрылыс салу (жалпы құны - 2 706,4 млн. теңге, қаражат бөлінген жоқ) (КДЖ).

  1. Денсаулық сақтау саласында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 2024 жылы 62 МСАК нысандарының құрылысы аяқталды.

2025 жылға ауысатын 5 нысан:

- Үржар ауданы Үржар ауылында 10 төсектік күндізгі стационармен 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу (жалпы құны – 612,8 млн. тг., 2025 жылға дейін игерілді - 284,8 млн.тг, ҰФ 2025 жылға– 327,9 млн.тг бөлінді, қосымша қажеттілік - жоқ) (Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту ҰЖ);  

- Ақсуат ауданы Қожагелді ауылында медициналық пункт салу (жалпы құны  – 73,2 млн. тг., қажеттілік - 73,2 млн.тг) (Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту ҰЖ);

- Ақсуат ауданы Аққала ауылында медициналық пункт салу (жалпы құны – 75,9 млн. тг., қажеттілік - 75,9 млн.тг) (Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту ҰЖ);

- Абай облысы Аягөз ауданының Аягөз қаласында Абай облысы ДСБ «Аягөз ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК 10 төсек орнына арналған реанимациялық бөлімше жапсаржайын салу (жалпы құны – 1 611,1 млн. тг, игерілді – 1 478,0 млн.тг, 2025 жылы ОБ бөлінді – 161,1 млн.тг, қосымша қажеттілік -жоқ) (Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту ҰЖ);

- Абай облысы, Үржар ауданы, Мақаншы а.о., Мақаншы ауылы, Найманбаев к-сі, 191Б зд мекенжайы бойынша Мақаншы ауылында күндізгі стационары, зертханасы және әйелдер консільтациясы бар дәрігерлік амбулатория салу (жалпы құны – 2 276,4 млн. тг. игерілді - 555,4 млн.тг, 2025 жылы РБ - 100,0 млн.тг, ҰФ - 1362,7 млн.тг, ОБ - 222,634 млн.тг бөлінді, қосымша қажеттілік РБ есебінен - 35,5 млн.тг).

  1. Спортты дамыту бағыты бойынша 3 нысанның құрылысы аяқталды:

- Бородулиха ауданының Бородулиха ауылында жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы (жалпы құны – 1 415,0 млн. тг.);

- Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында жүзу бассейнінің құрылысы (жалпы құны – 333,6 млн. тг.,);

- Үржар ауданы Таскескен ауылына спорт модулін салу (жалпы құны – 525,9 млн. тг.);

2025 жылға ауысатын 6 нысан:

- Абай ауданы Көкбай ауылында спорт модулін салу (жалпы құны – 483,6 млн. тг, игерілді - 378,6 млн. тг, 2025 жылы РБ - 50 млн. тг; ҰФ – 48,3 млн. тг бөлінді, қосымша қажеттілік – 6,6 млн.тг.).

- Абай облысы Курчатов қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу (жалпы құны – 1,7 млрд. тг., 2024 жылы игерілді – 50,0 млн.тг, 2025 жылы ОБ - 500 млн. тг. бөлінді, қосымша қажеттілік - 1,219 млрд. тг.) Курчатов қаласының 2024-2028 жылдарға арналған Әлеуметтік-экономикалық даму жоспары;

- Шар қаласында бассейн салу (жалпы құны – 1,2 млрд.тг., 2025 жылы РБ - 200 млн. тг. бөлінді; қосымша қажеттілік - 1,021 млрд. тг.) (Шар қаласын дамыту бойынша ЖК);

- Бесқарағай ауылында жүзу бассейнінің құрылысы (жалпы құны – 866,6 млн. тг.,                2025 жылы РБ - 377 млн. тг., ОБ - 86 млн. тг. бөлінді, қосымша қажеттілік – 228 262,0 мың. теңге) (КДЖ);

- Бородулиха ауданы Петропавловка ауылында спорттық-демалыс орталығын салу (жалпы құны – 413,6 млн. тг., РБ - 163,7 млн. тг.; ОБ - 41,3 млн. тг. бөлінді; қосымша қажеттілік – жоқ) Бородулиха ауданының 2024-2028 жылдарға арналған  Әлеуметтік-экономикалық даму жоспары;

- Жарма ауданы Қалбатау ауылында стадион салу (жалпы құны – 618,1 млн. тг.,                РБ - 183,4 млн. тг.; ОБ - 61,8 млн. тг. бөлінді; қосымша қажеттілік – 264,5 млн. тг.) Жарма ауданының 2024-2028 жылдарға арналған Әлеуметтік-экономикалық даму жоспары;

  1. Мәдениет нысандарын дамыту бағыты бойынша 2025 жылға 2 нысан ауысады:

- Үржар ауданы Жоғары-Егінсу ауылында 100 орындық мәдениет үйін салу (жалпы құны – 409,7 млн. тг., РБ 158,3 млн. тг. бөлінді; қосымша қажеттілік - жоқ)                                Үржар ауданының 2024-2028 жылдарға арналған Әлеуметтік-экономикалық даму жоспары;

- Бородулиха ауданы Камышенка ауылында ауылдық клубтың құрылысы (жалпы құны – 277,3 млн. тг., РБ - 210 млн. тг. бөлінді; қосымша қажеттілік – 66,996 млн. тг.) (КДЖ).

 

  1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында 2025 жылға ауысатын 1 нысан:

- "Үржар балалар қызмет көрсету орталығы" КММ-нің қолданыстағы 2 қабатты ғимаратына 2 қабатты қосымша құрылыс салу (жалпы құны – 444,7 млн. тг.,                                  РБ 68,5 млн.тг. бөлінді; толық пайдалануға – 116,7 млн. тг. берілді; қосымша қажеттілік – 28,445 млн. теңге) (КДЖ).

  1. Сондай-ақ, облысты Кешенді дамыту жоспары шеңберінде облыстық бюджет есебінен 2024 жылы жалпы құны – 156 млн. теңге болатын 6 мал қорымының құрылысы аяқталды, оның ішінде:

- Курчатов қаласында 1 (жалпы құны 28,6 млн.тг.) (КДЖ);

- Үржар ауданында 5 (жалпы құны 127,4 млн. теңге - Көктерек, Қаратал, Ақшоқы, Қарабұта, Қарабұлақ) (КДЖ).

 

Документы
Ақпарат
18 февраля 2025
Құрылыс басқармасы бойынша 2024 жылдың қорытындысы мен 2025 жылға жоспар
Ақпарат
17 февраля 2025
2024 жылғы қаражат есебінен жалпы құны - 95,0 млрд. теңге құрайтын 101 – ші әлеуметтік мақсаттағы объектінің құрылысы жоспарланып, басталды, оның ішінде:
Ақпарат
18 декабря 2024
Салынып жатқан (құрылысы жоспарланған) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу тәртібін айқындау қағидаларына сәйкес
Новости
Полезные материалы
Құрылыс басқармасы бойынша 2024 жылдың қорытындысы мен 2025 жылға жоспар
2024 жылғы қаражат есебінен жалпы құны - 95,0 млрд. теңге құрайтын 101 – ші әлеуметтік мақсаттағы объектінің құрылысы жоспарланып, басталды, оның ішінде:
Облыстағы нысандар құрылысының барысы туралы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы