Абай облысының құрылыс басқармасының 2026 жылға бекітілген бюджеті 38,6 млрд теңгені құрайды, оның ішінде

Абай облысының құрылыс басқармасының 2026 жылға бекітілген бюджеті 38,6 млрд теңгені құрайды, оның ішінде:

  • Құрылыс басқармасы арқылы – 10,4 млрд теңге;
  • Қалалар мен аудандардың әкімдіктері арқылы – 28,2 млрд теңге.

2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 17,5 млрд теңге немесе бекітілген бюджеттің 45,3%-ы игерілді, оның ішінде:

  • Құрылыс басқармасы арқылы – 7,4 млрд теңге;
  • Қалалар мен аудандардың әкімдіктері арқылы – 10,1 млрд теңге.

2026 жылы нысандардың құрылысы (құрылыс-монтаждау жұмыстары)

2026 жылы бюджет қаражаты есебінен әртүрлі салалар бойынша жалпы құны 25,5 млрд теңгені құрайтын 54 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның ішінде:

  1. Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар саласындағы нысандарды дамыту – 91,5 млн теңгеге 1 нысан.
  2. Көппәтерлі тұрғын үйлер мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы – 15,1 млрд теңгеге 20 нысан.
  3. Мәдениет нысандары мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту – 4,3 млрд теңгеге 10 нысан.
  4. Спорт нысандары мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту – 3,4 млрд теңгеге 12 нысан.
  5. Денсаулық сақтау нысандарын салу және реконструкциялау – 404,7 млн теңгеге 3 нысан.
  6. Әлеуметтік қамсыздандыру нысандарын салу және реконструкциялау – 80,5 млн теңгеге 1 нысан.
  7. Білім беру нысандары мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту – 2,1 млрд теңгеге 7 нысан.

Жоғарыда аталған бағыттардан бөлек, 2026 жылы 2 әкімшілік ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 248,3 млн теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 725,1 млн теңгеге 17 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүзеге асырылуда.

Бұдан бөлек, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жалпы сомасы 9,4 млрд теңгеге жалға берілетін тұрғын үйлерді сатып алу көзделген.

Осылайша, 2026 жылы Абай облысында 54 нысанның құрылысы жүргізілумен қатар, 2 әкімшілік ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда, 17 жоба бойынша жобалау және сараптамадан өткізу жұмыстары жүзеге асырылуда, сондай-ақ 9,4 млрд теңгеге жалға берілетін тұрғын үйлерді сатып алу жоспарланған.

 

Жаңалықтар

Барлық жаңалық