Жұмаділов Серік Дулатұлы
Абай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі
Жұмаділов Серік Дулатұлы 1987 жылы 26 қазанда Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген.
2009 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы, 2011 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Мансап
Еңбек жолын 2006 жылы Семей қаласындағы санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығында бастаған.
2009-2023 жылдары Семей қаласының әкімі аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2017-2023 жылдары Семей қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы лауазымында, 2023-2026 жылдары Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарған.
2026 жылғы 2 қарашадан бастап Абай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.