Қаратөбе ауылдық округі бойынша 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 1 ауыл-шаруашылык өндірістік кооператив, мал шаруашылықпен айналысатын 30 шаруа қожалығы тіркелген, оларға 61,1 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, оның ішінде 5,3 мың. га егістік жерлер бөлінген.
Мал шаруашылығында 01.01.2025 жылға ірі қара мал басы – 3526 басты, қой мен ешкі – 3792 басты, жылқы басы – 2067 басты құрады.
Қаратөбе ауылдық округінің егіс алқаптарының 2024 жылға арналған жоспарлы құрылымы бойынша арпа – 170 га, көп жылдық шөп 410 га егілді. Бүгінгі күні дәнди дақылды жинау аяқталды, өнімділігі 10 ц/га құрады.
Округте 1 мал қорымы мен 1 биотермиялық шұңқыр бар.