кездесу

Жарма кенті әкімінің баяндама тезистері
Жарма кенті округіне қарасты екі елді мекен бар; Округ бойынша жалпы 187 аула бар, оның ішінде Жарма кенті бойынша (аула саны – 182) Қарақойтас стансасы бойынша (аула саны – 5), барлық жер көлемі – 19410 гектар.
2025 жылдың 01 қаңтарына қарасты тұрғындар саны – 640 адам, белсенді халық күші – 328 адам, оның ішінде теміржол мекемелерінде жұмыс істейтіндер – 98, кәсіпкерлік саласында- 8, зейнеткерлер – 84, оқушылар саны – 110, жұмыссыздар – 2, көп балалы аналар – 27, соғыс ардагері жоқ, оларға теңестірілгендер, тылда еңбек еткен адам саны – 2, ауған соғысына қатысушылар -2, Чернобыль апатына қатысқан – 1 адам. Демографиялық көрсеткіш 2025 жылдың 5 айында 4 нәресте дүниеге келді, 2 адам қайтыс болды.
Округте 7 теміржол мекемесі, 1 мектеп, 1 пошта бөлімшесі және 1 кітапхана, 1 клуб жұмыс атқарады, 8 дүкен халыққа қызмет көрсетеді.
Округтегі негізгі экономикалық сала – теміржол саласы.
Ауыл шаруашылық саласы бойынша: 2025 жылдың 01 қаңтарына қарaсты: ІҚМ басы – 832, қой мен ешкiлер – 1061 бас және жылқы - 329 басты құрайды.
Округте шаруа қожалықтары жоқ. Мал бағуды ұйымдастыру, мал ұрлығының алдын алу жөнінде үнемі жиналыс, кездесулер өткізіліп тұрады.
Округ аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті сақтау шаралары жүргізіліп, барлық мал басы бірдейлендіріліп, компьютерлік базаға енгізіліп отырады. Округ бойынша жұқпалы мал аурулары анықталған жоқ. Жыл сайын босып-қаңғып жүрген иттердің көзін жою барысында жұмыстар жүргізіліп отырады.
Денсаулық саласы:
Округте халыққа қызмет көрсететін ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт) уақытша әкімшілік ғимаратында орналасқан, 1 дәрігер, 3 мед.бике және жастар тәжірибесі бойынша 1 медбике жұмыс істейді. Тұрғындарға медициналық қызмет көрсетіліп, профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Білім саласы:
Білім саласына жататын Ұлы Отан соғысының батыры П.И.Теряев атындағы №17 орта мектепте қызмет атқаратын 51 адам, оның ішінде – педагогикалық кадр саны – 24. Оқушылар саны – 110, даярлық тобында- 8 бала. Биылғы 2024-2025 жылғы оқу жылында мектеп түлектері саны – 7.
«П. Теряев атындағы № 17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024-2025 оқу жылындағы жетістіктері:
Ауыл олимпиядасының облыстық кезеңінің жеңімпаздары- география пәнінен 9-сынып оқушысы Мұрас Ақнұр облыстық кезеңінің 3 орын жүлдегері, жетекшісі: Омарбекова Жаннур
Физика пәнінен 9- сынып оқушысы Бауржан Айгерім облыстық кезеңінің 3 орын жүлдегері, жетекшісі: Жастабанова Шынар
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Дюсебаев Рустем Молдагазыевич «Білім саласына сіңірген еңбегі үшін» медальімен марапатталып, бірнеше «Алғыс хаттар» мен «Құрмет грамотасын» алды.
3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиядасының облыстық кезеңінің жеңімпазы 4- сынып оқушысы Батырхан Бақдәулет, жетекшісі; Меруерт Кобегеновна
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңінің жеңімпаздары; Баялы Бейбарыс, Жайсамбай Алишер, Мұрас Ақнұр, Тоқтамысова Тоғжан.
«ProEko» экологиялық жобалар байқауынан «Мені қоршаған әлем-ғажайып әлем» бағамы бойынша Бауржан Інжу және Олжабай Айша, «Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша аудандық кезеңнен 3 орын, облыстық кезеңнен 3 орын Нұрмұхамет Елнұр марапатталды.
Мәдениет және спорт саласы:
Жарма кентінде 2 мәдениет объектісі қызмет көрсетеді: кітапхана және клуб. Кітапхананың кітап қоры – 10400 дана. Оқырмандар арасында жас жазушыларды, жаңа туындыларды таныстыру іс шаралары, тематикалық сағаттар, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Әр мереке аталып өткізіліп отырады. Жеңіс күні қарсаңында кентіміздегі тылда еңбек еткен апаларымызға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталады.
Мектеп спорт залында бокс секциясы ұйымдастырылған, жасөспірім балаларды боксқа баулып, жарыстарға қатыстырып жүлделі орындар иеленуде. Атап айтсақ, кентіміздің тұрғыны, 8 сынып оқушысы Айткенов Нұрасыл Семей қаласы бойынша № 1 облыстық бокстан жүлделі 1-ші орынды, Абай облысының жаттықтырушыларын еске алуға арналған ашық облыстық турнирде Тұрсынғалиев Тәңірберген жүлделі 3-ші орынды, Суық-бұлақ кентінде өткен қол күресінің ашық турнирінен Тұрсынғалиев Тәңірберген жүлделі 1-ші орынды иеленді. Наурыз мерексіне орай, жасөспірімдер арасында Жезкент кентінде өткен ашық турнирде Арғынғазы Әлихан 1-ші орынды иеленді.
Кентіміздегі әжелерден құралған «Гүл-гүл жайна» тобы аудандық ардагерлер бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Өнер ескірмейді-есте қалады» атты округтер арасындағы онлайн би сайысынан аудандық турға өтті
Округтер арасында Қапанбұлақ ауылында өткен ҰОС жеңісінің 80-жылдығына арналған патриоттық әндер сайысынан кентіміздің ардагерлері аудандық сайысқа өтті, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Наушабаев Таурбек Мұсаханұлы «Алғыс хатпен» марапатталды.
ҰОС женісінің 80- жылдығына орай және Халық қаһарманы Төлеуғали Әбдібековты еске алуға арналған пневматикалықмылтық атудан кентіміздің
зейнеткер қариялары Дюсебаев Молдағазы Түлкібаевич пен Есимханов Санат Кұнапияұлы жүлделі 3-ші орынды иеленді.
Аудандық онлайн «Шабыт» сайысынан кентіміздің атынан өнер көрсеткен Абдильдинова Дана және Куатбаева Дана аудандық сайысқа жолдама алды.
Аудан көлемінде бүлдіршіндер арасында өткен «Айналайын» сайысынан Болатхан Ислана 1 маусым күні өтетін аудандық турға жолдама алды.
Аудандық «Би әлемі» сайысына 9- сыныптың «Томирис» тобы қатысып, бағалы сыйлықпен марапатталды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамту
Белсенді халық саны – 328 адам, оның ішінде жалдамалы жұмысшылар – 205 адам, өзін-өзі қамтығандар – 108 адам, жұмыссыз ретінде тіркелгендер – 2 адам.
2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек 4 отбасыға тағайындалды, 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмек – 3 отбасы өтініп әлеуметтік көмек алған болатын.
«П. Теряев атындағы №17 орта мектеп» КММ-де аз қамтылған отбасыларының және көп балалы отбасыларының балалары тегін тамақтанумен қамтылған– 13 бала, 1-4 сыныптан -44 бала толығымен тамақтанады, барлығы 57 оқушы.
Кентте «Казпошта» бөлімшесі жұмыс атқарады, бүгінгі күні пошта тарапынан ауыл тұрғындары зейнетақы, жәрдемақылар алады, мерзімді басылымдарға жазылу жүргізіліп, таратылады.
Қылмыстық жағдай
Округте учаскелік полиция инспекторы Джазыбаев Ернат Қырықбаевич жұмыс атқарады. Жылдың басынан мал ұрлығы тіркелген жоқ. Қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында округ әкімі мен учаскелік полиция инспекторы, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен профилактикалық шаралар жүргізіп отырады.
Цифрландыру
Кентте байланыс қалыпты, Қазақтелеком, Транстелеком және Билайн мобилді байланысы бар, тұрғындар интернет жүйесіне қосылған.
Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электронды түрде ауыл тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы орган базасында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған
Энергетика және ауыз су:
Кентте су өз ағынымен скважинадан келедi, су құбырларын бақылау және жөндеудi Аякөз “Темiржол су” мекемесiнiң бригадасы қамтамасыз етедi. Жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады.
Округте бiр темiржол электростанциясы, аудандық электр жүйесiне қарайтын подстанция жұмыс атқарады. Электр жүйесi бiр қалыпты жұмыс атқарады.
Санитарлық тазалық және абаттандыру :
Ауыл тазалығына реттеу барысында түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Елді мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбіліктер ұымдастырылып, тазарту жұмыстары жүргізіліп, күл қоқыстар шығарылуда.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауыл бойынша 500 тн күл қоқыс шығарылды. Көгалдандыру мақсатында биылғы жылы мектеп бітіргендеріне 25-30 жыл болған түлектердің демеушілігімен ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіштің маңына , мешіт және мектеп маңына шырша ағаштары отырғызылды.
Жарма кентінде балалар ойын алаңы, шағын футбол алаңы салынған, жылда ағымды жөндеу жүргізіліп отырады.
Жарықтандыру
Көше жарықтандыру бойынша 3,4 кварталдарға ішінара жүргізілген. 1 және 5 кварталдарға көше жарығы жүргізілген жоқ, сметасы жасалған, алайда қаражат бөлінген жоқ.
Салық бойынша :
2025 жылы 4 айда жиналған салық мөлшері –2 млн 026 мың 718 теңге, оның ішінде автокөлік салығы – 1 млн 391 мың 115 тг; жер және мүлік салығы – 29 мың 301тг
2025 жылдың 4 айында атқарылған жұмыстар
- Қыс мезгілінде кент көшелерінің жолы қардан тазаланды
- Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілді
- Мал қорымы тазаланды
- Көшеде бос қараусыз жүрген қаңғыбас иттер оқшауланды
- Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында шырша, терек, қайың тоғайлары отырғызылды.
- Кент тұрғындарының күл- қоқыстарын шығару жұмыстары жүргізілуде
- Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан батырларға арналған ескерткішке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ҰОС-на қатысып, қаза тапқан майдангерлердің тізімі жаңартылды.
- Кентке қарасты саябақ қоршауы сырланды.
2025 жылға жоспарланған жұмыстар:
- Жол жиегінде қысқы мезгілде қар ұстамас үшін сора шөптерін қыру
- Кенттің ішкі жолдарын грейдерлеу
- Көше жарығына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу
Алдағы уақытта жоспарланған жұмыстар жүзеге асырылып, ауданның қоғамдық-экономикалық жағдайын қалыптастыруға біздің округ өз үлесін қосады.
Абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары жалғастырылады.
Назарларыңызға рахмет