Божығұр ауылдық округінің
жергілікті қоғамдық жиналысының
№ 7 хаттамасы
Салқынтөбе ауылы «23» желтоқсан 2021 жыл
Сағ. 10-00
Қатысқандар:
Округ әкімі – Жанаков Г.
Жергілікті қоғамдастық мүшелері:
Күн тәртібінде:
Тыңдалды:
Округ әкімі Жанаков Г. округ бюджетіне қатысты келесідей баяндама жасады:
Құрметті ауыл тұрғындары, жиналысқа қатысушылар !!!
Сіздердің назарларыңызға аудандық бюджет комиссиясы мақұлдаған 2021-2023 жылдарға арналған округ бюджетінің жобасын қарауға ұсынамын.
Божығұр ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 73-1 бабының негізінде, округтің кешенді даму жоспарына сәйкес әзірленді.
Божығұр ауылдық округінің бюджетінің кіріс бөлігі 46596,0 мың теңге көлемінде жоспарланып, соның ішінде сувбенциялар – 30928,0 мың теңгені, меншікті кірістер болжамы – 1539,0 мың теңгені, нысаналы трансферттер – 14129, онын ішінде аудандық трансферттер 13762,0 мың теңгені, республиклық трансферттер- 367,0 мың теңгені құрады
Сәйкесінше округ бюджетінің шығыс бөлігі – 23732,0 мың теңгені құрады.
2022 жылға округ бюджетіне түскен субвенциялар көлемі – 30928,0 мың теңгені құрап, аппараттың бірінші кезектегі шығындарына, соның ішінде қызметкерлердің жалақы қорына, жанар-жағармай материалдарын сатып алуға, байланыс қызметтеріне ақы төлеуге, тауарлар сатып алуға, өзге қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге, қызметкерлердің іс-сапар шығыстарына, көше жарығының электр қуатына ақы төлеуге – 2561,0 мың теңге; т.б. шығындарға қарастырылды.
2021 жылға округтің меншікті кірістерінің болжамы 1539,0 мың теңге көлемінде жоспарланып, соның ішінде:
Салықтық түсімдер – 1539,0 мың теңгені, соның ішінде:
- БСК 101202 «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» - 0,0 мың теңге;
- БСК 104102 «Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық» - 14,0 мың теңге;
- БСК 104302 «Жер салығы» - 49,0 мың теңге;
- БСК 104401 «Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық» - 0,0мың теңге;
- БСК 104402 «Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық» - 1476,0 мың теңге;
- БСК 105430 «Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы» - 0,0 мың теңге;
Салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңгені, соның ішінде:
- БСК 201510 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер» - 0,0 мың теңгені құрады.
Меншікті кірістер көлемі округтің ағымдық шығындарын қаржыландыруға және кейбір жергілікті жобаларды жүзеге асыруға жоспарланды. Соның ішінде:
- қызметкерлердің жалақы қорына, жанармай, кеңсе тауарларын және басқа тауарларды сатып алу үшін, коммуналдық қызметтерді, басқа да жұмыстар мен қызметтерді төлеу үшін – 620,0 мың теңге;
- Көше жарықтандыруды күтіп ұстау – 719,0 мың теңге;
- Коммуналдық қызметке – 200,0 мың теңге.
2021 жылға арналған округ бюджетіне аудандық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттер көлемі 10367,0 мың теңгені құрап, келесі шығындарға бағытталды:
- техникалық персоналдың жалақы қорына – 367,0 мың теңге;
- футбол аланына – 6000,0 мың теңге;
-воркаут- 4000,0 мың теңге
-- автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету - 3762,0 мың теңге
А.Канапьянов:
Округ бюджетін осы көлемде бекітуге келісімімді беремін. Барлық қажеттіліктер ескерілді деп есептеймін, соның ішінде - соғыс ардагерлері ескерткішіне арналған қоршауларға қаражаттың қарастырылғаны қуантады.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, дауысқа салынды.
Жиналыс қорытындысы бойынша келесідей
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
Жиналыс төрағасы К.Бухаров
Жиналыс хатшысы Г.Аманбекова