Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Бүгінгі таңда, қоғамда өзекті мәселенің бірі, сыбайлас жемқорлық екендігі баршамызға белгілі. Сыбайлас жемқорлық ел дамуына кедергі келтіреді. Алайда, сыбайлас жемқорлыққа зияны тек мемлекеттің дамуына кедергі ғана келтірмейді. Қоғамды мұндай мәселе кедергі болуына, халқымыздың яғни жастарымыздың болашаққа деген сенімдерін әлсіретеді. Бұндай жағдайда халықтың билікке деген сенімділігі төмендейді яғни болашаққа жоспар құрмауына әкеледі. Осылайша жалпы қоғамда барлық мәселелер тек таныс-туыс арқылы ғана шешіледі деген түсінік қалыптасады.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған уақыттан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестер жүргізіліп келеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заң 1998 жылы қабылданды, елдегі ашықтықты қамтамасыз етуге, жемқорлыққа тыйым салуды мақсат етті.
Әрине, заман алға жылжыған сайын заңдардың да жаңартып , толықтырулар мен өзгерістер енгізуді талапп ететіні рас . Қазақстандағы заңдарды ізгілендіру , қылмысқа жаза тағайындаудан гөрі , қылмыстың алдын алудың мықты тетіктерін енгізу бағытында қолға алған ауқымды іс-шараларының нәтижесінде 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заң қолданысқа енгізілді.
Жемқорлыққа қарсы тағы бір жол – жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеу деп білемін. Яғни, келешек ұрпақты әділдікке, отансүйгіштікке, имандылықа, адал еңбекке үйретіп, бойларына індетке қарсы тұратындай күш-жігер, намыс ұялата білуіміз керек.
Менде өзімді жас, саналы адам ретінде бұл кесапатқа жоламауға, оны жолатпауды көздеймін.
Ел болашағы жастардың қолында. Жас ұрпақ сауатты, елжанды болса жемқорлық та біртіндеп жойылады деген үміттемін.
Хасенов Сарман Жакыпович – Бірлік ауылдық округінің әкімі