GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар

1) БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар мынадай тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері жүзеге асырылады:

  • зейнет жасына толған адамдар (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас (2028 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасы жыл сайын 6 айға ұлғайып, 2031 жылы 63 жасқа жетеді));
  • 55 жасқа толған, зейнетақы төлемін алуға өтініш берген кезде өздері үшін жиынтығында кемінде күнтізбелік 84 ай бойы МКЗЖ төленген, уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өндірістердің, жұмыстардың және жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан адамдар;
  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдар.

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтар бойынша зейнетақы төлемдерін жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жетпей-ақ, яғни 50 жастан бастап алуға болады. Сонымен қатар ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері мүгедектік тобына және оның белгіленген мерзіміне қарамастан, мүгедектігі бар адамдарға да беріледі. Бұл ретте төлемдерді алу кестесін салымшы өзі дербес белгілейді.

 

2) Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

 

Кесте бойынша зейнетақы төлемдері мынадай тәртіппен есептеледі: төлемдерді алудың бірінші жылында зейнетақы жинақтарының сомасы 6,5% мөлшеріндегі зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне сәйкес ұлғайтылады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ЕТК) кемінде 70%-ын құрауға тиіс.

Алушылардың жекелеген санаттары үшін, атап айтқанда, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдарға, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жиынтығында кемінде 60 ай бойы төленген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан адамдарға қатысты Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Егер алушы жоғарыда аталған талаптардың бірнешеуіне бірдей сәйкес келсе, мәні ең жоғары түзету коэффициенті қолданылады.

55 жасқа толған және өздері үшін жиынтығында кемінде 84 ай бойы МКЗЖ төленген адамдарға зейнетақы төлемдерін есептеу және жүзеге асыру кезінде:

  • зейнетақы төлемінің мөлшеріне қатысты ЕТК-нің кемінде 70%-ын құрауы тиіс деген ең төменгі шек қолданылмайды;
  • түзету коэффициенттері қолданылмайды;
  • жеке зейнетақы шотындағы ЕТК-нің 70%-ынан аз қалдық кезекті зейнетақы төлемінің сомасымен бірге төленбейді.

Айта кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері алушының зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

 

Егер БЖЗҚ-дан төлем жүзеге асырылатын күнгі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, жинақтар біржолғы төлем түрінде беріледі.

 

3) Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?

 

Зейнет жасына толуына байланысты міндетті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақыны тағайындату үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Өтінішті зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын беруге болады. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің барлық түрі өтініш берілген күннен бастап жүзеге асырылады. Бұл ретте алушы зейнет жасына толған болса, ХҚКО-да өтініш пен қажетті құжаттар тіркелген күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Ал егер өтініш зейнет жасына толғанға дейін берілсе, зейнет жасына толған күн өтініш берілген күн болып саналады. Мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны алу үшін уақытылы жүгінудің маңызы ерекше. Себебі оны тағайындау кезінде алушы ұсынған құжаттар негізінде еңбек өтілін тексеру қажет. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойы, ал БЖЗҚ-дан алушының зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар адамдар ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған жинақтарын алу үшін БЖЗҚ-ның сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы, сондай-ақ Қордың кеңсесіне барып өтініш бере алады.

 

4) Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады?

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларында айқындалған тәртіп пен талаптар бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты 2026 жылғы наурыз айынан бастап зейнет жасына толған, БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, бірақ бұған дейін 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты оларды алу үшін Қорға өтініш бермеген адамдарға ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін өтінішсіз тағайындау тәртібі енгізілді.

ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін (жинақтары болған жағдайда) өтінішсіз жүзеге асыру тәртібі мыналарды көздейді:

  • азамат зейнет жасына толуына байланысты мемлекеттік бюджеттен зейнетақы және міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен төлемдер алу үшін белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде БЖЗҚ-ның ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін автоматты түрде тағайындауы;
  • Мемлекеттік корпорациямен жыл сайын жүргізілетін салыстырып-тексеру нәтижелері бойынша проактивті қызмет аясында ЕЗЖ есебінен төлемдерді жүзеге асыру. Бұл ретте әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде аталған адамдарға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің тағайындалғаны туралы мәліметтердің болуы тексеріледі.

 

5) Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда жүгіну қажет?

 

Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдар зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне жүгіне алады. Сондай-ақ Қордың ресми сайтындағы (enpf.kz) немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, өтініш беруге болады.

Назар аударыңыздар! БЖЗҚ-да бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдар үшін көшпелі қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын ала кеңес беріледі, оның ішінде Қор қызметтерін маманның баруынсыз, қашықтан алу мүмкіндігі де тексеріледі.

 

6) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін рәсімдеуге қажетті құжаттардың тізімімен қайдан танысуға болады?

 

БЖЗҚ-ның enpf.kz ресми сайтындағы «Қызметтер – Зейнетақы төлемдері» бөлімінде зейнетақы төлемінің түріне және құжаттарды ұсыну тәсіліне қарай қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ сенімхат үлгісі орналастырылған.

Сонымен қатар сайттың «Онлайн-сервистер» бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін ұсынылатын құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі қарастырылған.

Сервистің атауы – «Төлемге арналған құжаттарды алдын ала тексеру»:  https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/checkdoc.php 

20 октября 2026
Абай облысындағы Шүлбі кенті 50 жылдық мерейтойын атап өтті

Абай облысы Жаңасемей ауданына қарасты Шүлбі кентінің құрылғанына 50 жыл толды. Осыған орай «Шүлбі – тарихы терең, болашағы кемел туған жер» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік шара кенттің орталық алаңында өтіп, тұрғындар мен қонақтардың басын қосты. Іс-шараның мақсаты – жарты ғасырлық тарихы бар елді мекеннің қалыптасу және даму жолын дәріптеу, оның өркендеуіне үлес қосқан азаматтардың еңбегін бағалау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

Шүлбі кентінің тарихы өңірдің энергетика саласының дамуымен тығыз байланысты. 1976 жылы Ертіс өзенінің су қуатын тиімді пайдалану мақсатында Шүлбі су электр станциясының құрылысы басталды. Бұл маңызды жоба кенттің қалыптасуына, тұрғындар санының артуына және әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына негіз болды.

1987 жылғы 23 желтоқсанда станцияның алғашқы гидроагрегаты іске қосылып, 1994 жылы алтыншы гидроагрегат пайдалануға берілді. Кейінгі жылдары станцияның өндірістік инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту жұмыстары жалғасты. Бүгінде Шүлбі ГЭС-і – Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі маңызды нысандардың бірі.

Елу жылдық тарих – кенттің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан энергетика саласының мамандарының, еңбек ардагерлерінің және тұрғындардың ортақ жетістігі.

Мерейтой аясында елді мекеннің дамуына үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар табысталды. Сонымен қатар жиналған қауымға арнап мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Шүлбі кентінің 50 жылдық мерейтойы – өткен тарихты ұлықтап, бүгінгі жетістіктерді бағалауға және туған өлкенің болашағына деген сенімді нығайтуға бағытталған маңызды шара.

16 октября 2026
Кезекті есеп беру кездесуім Озерки ауылдық округ тұрғындарымен өтті

Кездесу барысында аудан аумағында атқарылған жұмыстар, қол жеткізілген нәтижелер және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы баяндадым. Сонымен қатар ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Қойылған сұрақтарға жауап беріліп, бірқатар мәселелер бойынша тиісті сала мамандары түсініктеме берді. Тұрғындар көтерген мәселелер назарға алынып, олардың шешілу жолдары қарастырылды.

15 октября 2026
Облыс әкімі шет елдік инвестормен кездесті

«Xinjiang Jinyu Hongyuan Construction Engineering Co., Ltd» компаниясының бас директоры, «Жол құрылыс KAZ-26» ЖШС-нің құрылтайшысы Янг Шивеимен өткен кездесуде өңірге инвестиция тарту, жол құрылысы саласындағы жаңа жобаларды жүзеге асыру және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Қытайлық инвестор Абай облысында жергілікті кәсіпорындармен бірлесіп «Жол құрылыс KAZ-26» ЖШС-ін құрған. Кездесуде Семей қаласында жүзеге асыруды жоспарлап отырған инвестициялық жобасын таныстырды. Жалпы құны 3,3 млрд теңге болатын жоба автомобиль жолдарын салу және жөндеу, жол жабындарын жаңарту, аумақтарды абаттандыру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Жол құрылысына қажетті асфальтбетон қоспасы мен инертті материалдарды жергілікті өндірушілерден сатып алу жоспарланған. Бұл өңірдегі кәсіпорындармен өндірістік байланысты дамытуға септігін тигізеді.

15 октября 2026
Прииртыш ауылында аудан әкімінің есеп беру кездесуі өтті
БАҚ үшін
15 октября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушыларға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялау жөнінде

Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей, яғни 2026 жылғы 27 қазанға дейін, шарттық негізде ұсынылатын үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялауға және оларды аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс.

Шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз алаңын және ақпарат көлемін ұсынатын бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруды және таратуды жүзеге асыра алмайды.

Үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді мынадай электрондық пошта мекенжайларына жолдауға болады: tik.janasemey@mail.ru

 

Жаңасемей ауданының

аумақтық сайлау комиссиясы 

15 октября 2026
ШАҚАМАН АУЫЛЫНДА АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Шақаман ауылында Жаңасемей ауданы әкімінің тұрғындармен есеп беру кездесуі өтті.

Кездесу барысында ауыл әкімі жыл бойы атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы баяндады. Сонымен қатар, аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы аудан көлемінде жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталып, әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары, инфрақұрылымды дамыту бойынша атқарылған істер және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы есеп берді.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Тұрғындардың сауалдарына жауап беріліп, айтылған ұсыныстар назарға алынды.

Кездесуден кейін аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы мен аудан прокуроры тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері тыңдалып, бірқатар мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер тиісті бақылауға алынды.

Мұндай кездесулер тұрғындармен ашық диалог орнатуға, өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға мүмкіндік береді.

15 октября 2026
Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлы Бөкенші ауылының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді
15 октября 2026
Жаңасемей ауданының әкімі Шаған кентінің тұрғындарымен кезекті есеп беру кездесуін өткізді

Кездесу барысында аудан әкімі Жаңасемей ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттары, қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы баяндады. Сонымен қатар, кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, оларды шешу жолдары қарастырылды.

15 октября 2026
Жаңасемей ауданының Мұқыр ауылында жаңа балабақша ашылды
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы