«Абай облысы Үржар ауданының Жоғарғы Егінсу ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтама
«Абай облысы Үржар ауданының Жоғарғы Егінсу ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтама
Жоғарғы Егінсу ауылы 08 сәуір 2024 жыл
2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген 2016 жылдың 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сай, Абай облысы Үржар ауданының Жоғарғы Егінсу ауылдық округінде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай - СЖТТ) жүргізілді.
СЖТТ келесі бағыттарда жүргізілді:
- объектінің қызметіне қатысты нормативті құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтау;
- объектінің ұйымдастырушылық-басқару қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтау.
СЖТТ жүргізу кезінде келесі ұсынымдар мен ережелер пайдаланылды:
2021 жылдың 7 сәуірдің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар (әрі қарай- Әдістемелік ұсынымдар).
2016 жылдың 19 қазанының №12 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үлгілік ереже (әрі қарай –Үлгілік ереже).
Ішкі талдау жүргізу мерзімі 2023 жылдың 09 қазаннан 20 қарашаға дейін белгіленген.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы 2023 жылғы 09 қазандағы №29-НҚ-Ө Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімінің өкімімен құрылып бекітілген.
Талдау объектінің қызметін, ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін ішкі құжаттарының және құқықтық актілерінің ішкі талдауымен, оның коррупциялық тәуекелдерінің болуына ішкі талдауымен 2022 жылдың 3,4 тоқсандар мен 2023 жылдың 1,2,3 тоқсандар қамтылған.
«Абай облысы Үржар ауданының Жоғарғы Егінсу ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Абай облысы Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімінің қызметінің ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ 2022 жылдың 09 қыркүйек айымен бекітілген №423 «Абай облысы Үржар ауданының Жоғарғы Егінсу ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесіне сай жүзеге асырылады.
Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне соңғы ішкі талдау 2022 жылдың 05 қаңтарымен – 30 желтоқсанға жүргізілді. Аталған талдаудың өткізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері – жоқ.
Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімі аппараты өз қызметінде келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады: 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2016 жылғы 06 сәуірдегі №480-V«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 4 желтоқсанда №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №486 қаулысы; «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы; 2022 жылдың 15 қыркүйек айымен бекітілген № 423 «Абай облысы Үржар ауданының Жоғарғы Егінсу ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі; қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары; қызметкерлердің жеке істері; әкімнің өкімдері мен шешімдері; ИС ОДО, ИС ГБД ЕЛ, ИС «Е-обращение» ақпараттық жүйелер; талдау объектіге қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін талдау объектісінің лауазымды адамдары жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша ұсыныстар; талдау объектісі қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты сот органдарының шешімдері, қылмыстық істердің мазмұны; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілген ішкі талдау нәтижелері және т. б.
Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімі аппаратында жалпы 4 мемлекеттік қызметші қызмет атқарады.
СЖТТ жүргізу барысында аппарат қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері анықталған жоқ.
Мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша тәртіптік жазаға тартылғандар жоқ. Еңбек заңнамасын бұзу фактілері тағы жоқ. Жалпы қызметшілер тарапынан заң және еңбек тәртіптері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің талаптары сақталады.
Мемлекеттік қызметшілерді бағалау тоқсан сайын жүргізіледі. Бағалау нәтижесі бойынша шағым жасау фактілері тіркелген жоқ.
Ескерту жаза түрі белгіленген мемлекеттік қызметші - жоқ.
«Абай облысы Үржар ауданының Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-дегі барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес қызмет атқарады. Мемлекеттік қызметке түскен барлық қызметшілер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарына сай. Мекемеде осы талдау кезеңде жасырын сауалнама өткізуге ешбір негіз болған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мерзімді әскери қызметке алдын ала іріктеу және зерделеу жұмыстары бойынша ұсыныс:
- Мерзімді әскери қызметке шақыртуды ауылдық округ мамандарымен емес тікелей АПБ қызметкерлерімен жүзеге асырса;
- Жергілікті Қорғаныс істер жөніндегі бөлім қызметшілері мерзімді әскерге шақырушылардың ата – аналарымен бір реттік емес түсіндірме жұмыстарын жүргізсе.
- Мерзімді әскерге кеткен жасқа 1 жылға пособия төленсе, сол пособия әскерден келген соң кредитін болмаса басқада шығындарын өтеуге жұмсалса.
Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімінің сайтына орналастырылсын.
13
5
08 сәуір 2024 20:55
08 сәуір 2024