«Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ облыстық маңызы бар КU-7 Дмитриевка – Бородулиха – облыс шекарасы автомобиль жолының 41–42 км учаскесінде автокөлік құралдарын өлшеуге арналған автоматтандырылған өлшеу станциясын орнату бойынша коммерциялық ұсыныстар қабылдайды. Өлшеу жабдығының негізгі техникалық сипаттамалары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына сәйкес болуы тиіс. Коммерциялық ұсыныстарды қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 20 мамырға дейін. Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс нөмірлеріне 8-708-353-12-28/8-747-089-95-75 немесе dorogiabai@mail.ru электрондық поштасы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.