"Семей-Астана-Семей" бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

«Семей-Астана-Семей» бағытында жаңа әуе рейсі ашылады
Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын тұрақты әуе рейстерінің саны артады. Биылғы 27 сәуірден «Семей-Астана-Семей» бағытында сыйымдылығы 48 орындық «Ан-24» ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастайды. Рейсті «Южное небо» әуе компаниясы жүзеге асырады. Семейден Астанаға ұшу уақыты - кешкі сағат 18:15, Астанадан Семейге ұшу уақыты - кешкі сағат 21:15.
Биылғы 1 мамырдан бастап «Алматы-Семей-Алматы» (аптасына үш рет), «Астана-Семей-Астана» (аптасына бір рет) бағыттарында қосымша рейс енгізіледі. Бұдан бөлек 1 маусымнан бастап «FlyArystan» әуе компаниясы «Шымкент – Семей – Шымкент» бағыты бойынша жаңа рейсті іске қоспақ.
Жолаушылар аптасына 2 рет, дүйсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын болады. Сондай-ақ, осы күннен “Скат” әуе компаниясы “Алматы-Үржар-Алматы”, “Астана-Үржар-Астана” рейстерін әрқайсысын аптасына 6 реттен орындай бастайды.