Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру және мүгедектігі бар адамдармен жұмыс бойынша ақпарат

Облыста жалпы 841 төсек-орынға арналған 5 облыстық медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді, оның ішінде:

Қарттар мен І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған:

155 орындық «№2 Семей арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ;

105 орындық «Бородулиха арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ.

18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған:

400 орындық «№1 Семей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» (психоневрологиялық) КММ.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиялары бар балаларға арналған:

56 орындық «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ (тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған);

105 орындық «Аягөз балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ (психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған).

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысында 2023 жылғы ақпан айында 150 орындық «Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы» КММ салынып, пайдалануға берілді.

Қалалар мен аудандарда 4 мың адамды қамтитын 14 аумақтық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жұмыс істейді. Орталықтар жанында жартылай стационар және үйде қызмет көрсету жағдайында қызмет көрсететін 34 бөлімше бар.

Анықтама үшін: облыс бойынша әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлер саны – 652 адам.

Облыста 2 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді: «№2 Семей арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де – 20 адамға арналған және «Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы » КММ-де (бұдан әрі – БҰӨО) күн сайын кестеге сәйкес 100 адамға дейін қызмет көрсетіледі.

2023 жылдан бастап Семей қаласында 25 орынға есептелген «Абай облысы Семей қаласының отбасын және тұрмыстық зорлық - зомбылық құрбандарына қолдау көрсету орталығы» КММ жұмыс істейді.

Орталық ашылған 2023 жылдан бүгінгі күнге дейін 428 адам көмек алды, оның ішінде 137 әйел және 291 бала.

2026 жылдың басынан бері Орталықта 71 адамға көмек көрсетілді, оның ішінде 22 әйел және 49 бала.

2026 жылы 100 орындық «Семей №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің қосымша корпусының құрылысы аяқталды. Жобаның құны – 2,6 млрд теңге.

Сондай-ақ, Абай облысын дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес Семей және Аягөз қалаларында әрқайсысы 150 орындық 2 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын салу жоспарлануда. Әр жобаның құны шамамен 11,0 млрд теңгені құрайды.

Документы
Конкурстар
27 января 2025
Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
«Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы» КММ директоры лауазымына конкурс
Конкурстар
01 июля 2024
Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру және мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жөніндегі бөлімі
Конкурс нәтижелері туралы
Конкурстар
02 мая 2024
Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
«№ 1 Семей арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры лауазымына конкурс
Новости
Полезные материалы
Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру және мүгедектігі бар адамдармен жұмыс бойынша ақпарат
Медиагалерея
1
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Әлеуметтік қорғау қызметкерлері күніне орай өткізілетін 2025 жылғы «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық конкурсының өткізілетінін хабарлайды
События
12 февраля
Ашық диалог порталындағы сауалнама
30 июля
Халықаралық адам саудасына қарсы күрес күні
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру және мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жөніндегі бөлімі
«Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «1 Семей арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
Часто задаваемые вопросы
Жеке көмекші ретінде қандай адамдарға жұмыс істеуге рұқсат етілмейді?

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 163-бабының 2-тармағына сәйкес, жеке көмекші қызметтері жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен күніне сегіз сағаттан аспайтын көлемде ұсынылады.

Жеке көмекші бола алмайтын адамдар:

1) психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін мамандандырылған ұйымдарда есепте тұрған;

2) медициналық қорытынды негізінде денсаулық жағдайы бойынша қызмет көрсетуге қарсы көрсетілімдері бар;

3) он сегіз жасқа толмаған;

4) жұмыспен қамтудың белсенді шаралары шеңберінде кәсіптік оқытудан өтпеген адам;

5) бірінші топтағы мүгедектігі бар адам үшін жеке көмекші оның жақын туысы немесе жұбайы (зайыбы) болып табылатын жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;

6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

7) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам.

Үйде қызмет көрсету жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер қандай санаттағы азаматтарға көрсетіледі?

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының 1 - тарауының 2 - тармағына сәйкес, үйде әлеуметтік қызмет көрсету жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер психоневрологиялық патологиялары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға, I–II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын қарт азаматтарға көрсетіледі. Бұл санаттағы адамдар қызмет алушылар болып табылады.

Инватакси қызметтері кімге беріледі?

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а.  2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағиданың           4-тарауының 28,29 тармақтарына сәйкес инватакси қызметтері жұмыс, оқу кестесіне, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымның жұмыс кестесіне сәйкес мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жұмыс істеушілерге, білім алушыларға, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне бірінші кезектегі тәртіппен ұсынылады.

Мүгедектігі бар өзге адамдарға инватакси қызметтері олардың жүгіну тәртібімен ұсынылады. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау маршруттық параққа сәйкес жүзеге асырылады.  Тізбені және инватакси қызметін алушылар санатын жергілікті бюджеттің мүмкіндігі ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша кеңейтуге жол беріледі.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы