Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Абай облысының әлеуметтік қорғау туралы ақпарат

2026 жылға 13 324 жұмыс орны жоспарлы көрсеткішімен Өңірлік жұмыспен қамту картасы бекітілді.

2026 жылғы 1-інші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 7 097 жұмыс орны немесе (13 324) бекітілген жоспардың 53,3% -ы, (оның ішінде тұрақты - 4 331, уақытша - 2 766) құрылды.

Оның ішінде бағыттар бойынша:

- бос жұмыс орындарына (ҚР Әлеуметтік кодексінің талаптарына сәйкес жұмыс берушілер ұсынған) – 2 766 (5 500 жоспардың 50,3%);

- субсидияланатын (уақытша) жұмыс орындарына - 2 332 ( 3 050 жоспардың 76,5%), оның ішінде қоғамдық жұмыстарға - 1 691, күміс жасқа - 252, әлеуметтік жұмыс орындарына - 277, жастар практикасына - 112.

- «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде (жеке жаңа бастамалар) - 1 527 (3 418 жоспарының 44,7%).

Мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушілердің қызығушылығын арттыру мақсатында 2026 жылға арналған облыстық бюджет қаражаты есебінен 10 жұмыс берушіге арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға жалпы сомасы 12,975 млн. теңге көлемінде субсидиялар төлеу көзделген.

2026 жылы қысқа мерзімді курстарға (кәсіптік оқытуға) 172 адам жіберілді
(280 жоспардың 61,4%).

2026 жылдың 1 шілдесіне «Skills Enbek.kz» порталында 463 адам немесе (950) жоспардың 48,7% -ы оқытылды.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан 433 адам немесе
1090 жоспардың 39,7% -ы өтті.

Ағымдағы жылы 445 жұмыс берушінің қатысуымен шамамен 3 017 адамды қамтитын
84 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Документы
Конкурстар
27 февраля 2026
Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2026 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі
Шешім
04 июля 2025
2025 жылғы 1 лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алғандар тізімі.
Келісім
04 июля 2024
Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын мониторингілеу бөлімі
Абай облысының әкімдігі мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері және кәсіподақтардың аумақтық бірлестігі арасындағы 2024 – 2026 жылдарға арналған ОБЛЫСТЫҚ КЕЛІСІМ
Новости
Полезные материалы
Өз бизнесіңізді ашуға идеяңыз бар ма?
Абай облысының әлеуметтік қорғау туралы ақпарат
Медиагалерея
1
Қоныс аудардыңыз. Енді не істеу керек?
События
12 октября
Жастарға микрокредит беру үшін бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі Комиссияның кезекті отырысы
28 ноября
Жастарға микрокредит беру үшін бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі Комиссияның кезекті отырысы
12 февраля
Ашық диалог порталындағы Интернет-конференция
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ «Абай облысының еңбек мобильділігі орталығы» КММ
Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын мониторингілеу бөлімі
Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Часто задаваемые вопросы
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 400 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі грантты кімдер ала алады?

Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға арналған 400 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшеріндегі грантты алуға тіркелген жұмыссыздар немесе тіркеу мерзімі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Сондай-ақ үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы тиіс:

- мүгедектігі бар адамдар;

- қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар адамдар;

      - өңіраралық қоныс аударушылар;

- аз қамтылған отбасы мүшелері;

- көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);

- мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);

- асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Жұмыс орындар квотасы шеңберінде кімдер жұмысқа орналаса алады?

Абай облысының әкімдігінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы №207 қаулысына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысаны және меншік нысанына қарамастан Абай облысының кәсіпорындарында, ұйымдарында және мекемелерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленеді:

мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес;

он сегіз жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін, осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес.

Егер грант алушы грант қаражатын толық көлемде нысаналы мақсатта пайдаланбаса немесе оны тек ішінара ғана пайдаланса, қандай шаралар қабылдау қажет?

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №272 бұйрығымен бекітілген «Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының» 2-тарауының 2-параграфының 24-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы) грант алушы Портал арқылы ұсынған грант қаражатының нысаналы пайдаланылғанын растайтын құжаттарды немесе бизнес-жобаны іске асыру барысы туралы есепті Порталға келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бизнес-жоба талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді.

Тексеру нәтижесінде грант алушының Шарт талаптарын орындамау фактілері анықталған жағдайда, Еңбек мобильділігі орталығы Қағидаларға сәйкес Шартты біржақты тәртіппен бұзады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, оның ішінде сот тәртібімен, грант қаражатын қайтару бойынша тиісті шараларды қабылдайды.

Сонымен қатар, Қағидалардың 26 және 27-тармақтарына сәйкес, грант алушы гранттық қаражаттың нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылғанын немесе грант қаражатының пайдаланылмағанын растау болмаған кезде шарт жасалған күннен бастап 3 ай ішінде Портал арқылы қаражатты толық ерікті түрде қайтаруға өтінім береді. Грант алушы Шарт жасалған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде:

  • грант қаражаты толық көлемде пайдаланылмаған жағдайда қаражатты толық қайтаруды жүзеге асырады;
  • грант қаражаты ішінара пайдаланған жағдайда Порталдағы жеке кабинетте тиісті өтініш беру арқылы қалған қаражатты қайтаруды жүзеге асырады.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы