Абай облысы Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы, № 01-4 (функционалдық блок А).

Мемлекеттік орган

Семей қаласының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

E-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

593751

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-3, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Филология
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Қала әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету бойынша аппараттың жұмысын ұйымдастыру және басшылық ету.Қала әкімдігінің отырыстарына мәселелерді дайындау бойынша қалалық атқарушы органдардың қызметін жоспарлау, үйлестіру, әкімдіктің жұмыс жоспарының, қала әкімдігі мен әкімі аппаратының регламенттерінің орындалуын бақылау.Ұсыныстарды зерттеу және енгізу:кадр мәселелері бойынша;қалалық бөлімдердің басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы.Барлық деңгейдегі іс-шараларды дайындау және өткізу барысын бақылауды жүзеге асыру және үйлестіру:облыс және қала әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының және қала әкімінің тапсырмаларын орындау;мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстар;сайлауды дайындау және өткізу, қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындау;Іс-шараларға басшылық жасау және бақылау:әкімдіктің және қала әкімінің, оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету;іс жүргізуді жетілдіру;Қала әкімі аппаратының ішкі еңбек тәртібін қамтамасыз ету бойынша басшылық пен бақылауды жүзеге асырады.Қала әкімінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментімен, облыс әкімінің аппаратымен, қалалық мәслихатпен, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.Бөлімдердің қызметіне басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асырады:Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімі;персоналды басқару бөлімі;мемлекеттік-құқықтық бөлімі;Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі;Қаржы-шаруашылық жұмыс бөлімі;Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімі.Комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады:марапаттау, тәртіптік; аппарат қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет өтілін белгілеу бойынша; Қала әкімінің аппаратында, дербес бөлімдерде рұқсат құжаттарын беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылауды және мониторингті жүзеге асырады. Қала әкімдігінің отырыстарында қарау үшін нормативтік-құқықтық актілерді ұйымдастыру және дайындау. Азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді. Ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы, құрылыс, сәулет, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және қала әкімдігінің отырыстарына нормативтік-құқықтық актілерді дайындау бойынша басқа да мәселелерді тексеру қорытындылары бойынша бақылауды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.05.2026 – 20.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

22.05.2026

Сұхбаттасу орны

Семей қаласы, Ә. Тәңірбергенов көшесі 1, Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

87715404898