«Абай облысы Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, №7-1-5 (функционалдық блок А).
Семей қаласының әкімдігі
Абай облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік сатып алудың алдын ала, жылдық жоспарын әзірлеу. Мемлекеттік сатып алу порталында уақтылы орналастыру. Сатып алудың барлық тәсілдері бойынша (қажеттілік бойынша) мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға құжаттарды қалыптастыру. Қағаз тасығышта мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру. Жарияланатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеу. Мемлекеттік сатып алу бойынша іс қағаздарын және барлық құжаттамаларды жүргізу. Веб-порталда мемлекеттік сатып алу хабарландыруларын орналастыру. Шарттарды уақтылы жасасу, қамтамасыз етуді енгізу бойынша қадағалау, шарттарды уақтылы орындау, тиісінше орындалмаған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті шараларды қабылдау. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтерді уәкілетті органға жіберу. Орындалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша мемлекеттік сатып алу порталында есепті қалыптастыру. Жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушілермен даулы сәттерді наразылық хаттарын жіберу арқылы шешу, дауларды сотқа дейін реттеу, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арыздарды жасайды және сотқа жібереді, тұрақсыздық айыбын өндіріп алады, шарттарды сот тәртібімен бұзады. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша сотта әкім аппаратының мүдделерін білдіру. Әлеуетті өнім берушілерден келіп түскен шағымдарға және уәкілетті органдардан хабарламаларға жауаптар беру. Қазтұтыну бойынша есеп жасау. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүргізудің заңдылығын, уақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптарды уақтылы және сапалы дайындау. Электрондық құжат айналымы жүйесіндегі жұмыс (ОДО), Е-Өтініш.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.nurtaza@akimatabai.gov.kz
- 07.04.2026
- Семей қаласы, Ә. Тәңірбергенов көшесі, 4. Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.
-
87715404898