Абай облысы Семей қаласының тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы, (№ 01-1) (функционалдық блок А).

Мемлекеттік орган

Семей қаласының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

E-R-1 (қолданыстағы) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

   4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Механика
  • Техникалық физика
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Инженерлік жүйелер және желілер
  • Ғимараттар мен құрылыстардың құрылысы және қолданылуы

Қосымша талаптар

E-R-1 санаттарының басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені комиссия "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылыққа алады, өз функцияларын жүзеге асыруға және Бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға дербес жауапты болады, бөлімнің ережесіне сәйкес жұмыс жүйелері мен стратегиялық бағыттарды айқындайды. Заң құжаттарын дайындау, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүргізуді үйлестіру және бақылау. Қызметтің келесі бағыттары бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асырады: - Коммуналдық шаруашылықты ұстау саласында; жылу, электр-сумен жабдықтау жұмыстарын ұйымдастыру үшін қала органдарымен және кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл жасау; коммуналдық мақсаттағы инженерлік құрылыстар мен желілердің тиісінше пайдаланылуы мен күтіп-ұсталуын бақылау. -Осы мақсаттарға бөлінген бюджет қаражаты шегінде инженерлік желілер мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі жөндеуді орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру; - Абаттандыру және көгалдандыру саласында: қаланы абаттандыру объектілерін күтіп ұстау және жақсарту; абаттандыру, көгалдандыру бойынша жұмыс жоспарларын әзірлеу, нөсер суларын уақтылы және тұрақты бұру, су тасқыны кезеңінде жұмысқа дайындық бойынша жұмысты үйлестіру, қаланы санитарлық тазарту мәселелері бойынша кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау. Көлік ғимараттары мен құрылыстарының элементтерін есептеуді жүргізеді, техникалық шешімдерді ресімдейді, экология және тіршілік қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, көлік құрылысы объектілерін салуға және реконструкциялауға техникалық тапсырмаларды әзірлеуге қатысады, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындайды. Инженерлік жүйелер мен көлік құрылысы объектілерін, сондай-ақ жобалау - іздестіру жұмыстарын дайындау және жүзеге асыру процесін ұйымдастыру және басқару. Көлік құрылысы объектілерінің ғимараттары мен құрылыстарын салу және реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы және конструкторлық жұмысты орындайды. Құқықтық мәселелерді қарау кезінде бөлім атынан сот процестеріне қатысу. Нормативтік құқықтық актілерді, іс жүргізу құжаттарын, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттарды әзірлеуге қатысу. Өз құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерге талдау жүргізеді, заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындайды. Коммуналдық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қаржы-экономикалық қызметін талдайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.03.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.03.2026 – 26.03.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МВ

Сұхбаттасу күні

30.03.2026

Сұхбаттасу орны

Семей қаласы, Ә. Тәңірбергенов көшесі, 4. Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

87715404898