ҚҰРМЕТТІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Титов көшесіндегі теміржол өткелінің бетон төсемін ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аталған учаскеде автокөлік қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлаймыз.
Қозғалысты шектеу уақыты:
2026 жылғы 27 қазан күні сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерден сапар бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруді және балама айналма жолдарды пайдалануды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!