ҚҰРМЕТТІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Мұхамедханов көшесінің көлік қозғалысына ашылуына байланысты 2026 жылғы 20 қазаннан бастап № 2, 3, 5, 9, 17, 28, 29, 31, 33, 35, 36, 41, 43 және 56 автобус бағыттарының қозғалысы бұрынғы маршрут бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 20 қазанда жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Привокзальная площадь көшесінің бір бөлігі күні бойы көлік қозғалысы үшін уақытша жабылатынын хабарлаймыз.
Осыған байланысты № 5, 9, 13, 14, 22, 25, 29, 33 және 45 автобус бағыттарының қозғалысына уақытша өзгерістер енгізіледі.
Аталған күні «Вокзал» аялдамасына автобустар уақытша тоқтамайды. Жолаушыларды отырғызу және түсіру «Экспресс» дүкені аялдамасында жүзеге асырылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан қоғамдық көлікпен сапарларын жоспарлау кезінде аталған өзгерістерді ескерулерін сұраймыз!