Құрметті ұстаздар!

Сіздерді 5 қазан – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаздық – терең білімді, зор жауапкершілікті және үлкен жүректі талап ететін мәртебелі мамандық. Сіздердің жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, олардың өмірден өз орнын табуына қосып жүрген үлестеріңіз орасан.
Еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, шәкірттеріңіздің жетістігі мерейлеріңізді үстем ете берсін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы