Құрметті Семей қаласының тұрғындары!

Құрметті Семей қаласының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Абай облысы Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі «Град Проект KZ» ЖШС-мен бірлесіп «Абай облысы Семей қаласының Бас жоспары. Түзету» жобасын әзірлеуді жүзеге асыруда.

Семей қаласының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ірі инвестициялық жобаларды, оның ішінде жаңа «Smart City» әкімшілік-іскерлік орталығын іске асыру қажеттілігіне байланысты туындап отыр.

Бас жоспар материалдарымен Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсынан, сондай-ақ Семей қаласы әкімдігінің ғимаратында: Семей қаласы, Абай 97 көшесі мекенжайы бойынша танысуға болады.

Жобаның демонстрациялық материалдары 2026 жылғы 28 қыркүйектен 6 қазанға дейін әкімдік ғимаратының 1-қабатында орналастырылады.

Жоба бойынша уәжді ескертулер мен ұсыныстар жазбаша түрде электрондық пошта арқылы arhitektura_402@mail.ru, gradproektkz1@gmail.com мекенжайларына, 8 (7222) 36-09-86 телефоны бойынша, сондай-ақ қағаз жеткізгіштерде Семей қаласы әкімдігінің ғимаратында қабылданады.

Қорытынды қоғамдық талқылау 2026 жылғы 6 қазанда сағат 10:00-де Мұхтар Әуезов даңғылы, 95 («Офицерлер үйі») мекенжайында өтеді.