Құрметті қала тұрғындары!

Мичурин және Туристическая көшелерінің қиылысындағы теміржол өткелінде бетон жабындысын ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Жұмыстарды жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 15 қыркүйек сағат 22:00-ден 16 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін.
Көрсетілген уақыт аралығында қолданыстағы бетон жабындысын демонтаждау және жаңа бетон жабындысын орнату жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты теміржол өткелі арқылы көлік қозғалысы уақытша мүмкін болмайды.
Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруді, жол белгілері мен қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!