Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Қала күніне арналған мәдени-спорттық іс-шаралар аясында өтетін «СЕМЕЙ БАТЫРЫ» күштік экстрим жарысын тамашалауға шақырамыз! Күш пен төзімділік сыналатын тартысты додада спортшылар өзара бақ сынап, мықтыны анықтайды.
Күні: 18 қыркүйек, 2026 жыл
Уақыты: 14:00
Өтетін орны: Ертіс жағалауы, Шмидт көшесі. Жарыстың жалпы жүлде қоры — 1 000 000 теңге:
І орын — 500 000 теңге;
ІІ орын — 300 000 теңге;
ІІІ орын — 200 000 теңге.
Бас төреші — Алтайбаев Андрей Викторович.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: 8 777 243 25 08.
Жарыстың жүлде қоры демеушілердің қолдауымен қалыптастырылды. Туған қаласының дамуына бейжай қарамайтын елжанды кәсіпкерлер ұлттық спортты қолдап, Семей қаласының күніне орай ұйымдастырылатын жарыстың өтуіне өз үлестерін қосуда.
Спортшыларға қолдау көрсетіп, мерекелік күнді бірге өткізейік!