Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Семей қаласы күніне арналған мәдени-спорттық іс-шаралар аясында өтетін спорттық сайыстарға шақырамыз! Күш пен төзімділік, ептілік пен командалық бірлік сыналатын жарыстарда бақ сынап, мерекелік күнді белсенді өткізіңіздер!

 Қол күрес Жарыс екі салмақ дәрежесінде өтеді: • 70 келіге дейін; • 75 келіден жоғары.

 Гір көтеру Қатысушылар екі салмақ дәрежесінде сайысқа түседі: • 90 келіге дейін; • 90 келіден жоғары.

 Арқан тарту Бірлік пен ұйымшылдықты талап ететін командалық жарыс. Әр команда құрамы — 8 адам.

 Күні: 19 қыркүйек

 Уақыты: 09:00–11:00

 Өтетін орны: Степной кенті ипподромы

Жарысқа қатысып, достарыңыз бен жақындарыңызға жанкүйер болыңыздар!