Құрметті Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Қала күніне арналған мерекелік іс-шараларға шақырамыз!

18 қыркүйек: «Семей – жүрегімдегі қала» атты мерекелік іс-шара.

Өтетін орны – қалалық мәдениет сарайы.

Басталуы сағат: 14:00;

«Семей батыры» күштік экстрим жарысы.

Өтетін орны – Ертіс өзенінің оң жағалауы.

Басталуы сағат: 14:00.

19 қыркүйек: Аударыспақтан облыстық жарыс.

Өтетін орны – Степной кентіндегі атшабар.

Басталуы: 09:00;

Қала күніне арналған ат спорты ойындары. Бәйге.

Өтетін орны – Степной кентіндегі атшабар.

Басталуы сағат: 11:00;

«TUNGI RUN SEMEY – 2026» түнгі марафоны.

Өтетін орны – Семей қаласының көшелері.

Басталуы сағат: 22:00.

20 қыркүйек «Семейім – жүрегімнің төріндесің» атты балалар арасында қалалық өнер байқауы.

Өтетін орны - орталық саябақ.

Басталуы сағат: 11:00;

Қоян-қолтық ұрыстан «ARB SEMEY» турнирі.

Өтетін орны – Ертіс өзенінің оң жағалауы.

Басталуы сағат: 16:00;

Қала күніне арналған мерекелік гала концерт.

Өтетін орны – Қарағайлы шағын ауданындағы Республика алаңы.

Басталуы: 19:00.

Гала-концертте отандық және шетелдік эстрада жұлдыздары ән шырқайды: ТҰРАР ЫДЫРЫС, АЙДАНА МЕДЕНОВА, AYREE, ЕРНАР АМАНДЫҚ, және Қырғызстан әншісі AMIRCHIK, Германиядан NANA DARKMAN Молдавадан ARSENIUM FROM OZONE тобы бар.

Кеш жүргізушілері: Жазира Еркін мен DAKE.

Қала тұрғындары үшін «Арбат» аумағында және Мұхтар Әуезов алаңында гала концерттің тікелей көрсетілімі ұйымдастырылады.

Қала күніне арналған мәдени-спорттық шаралардан қалыс қалмаңыздар! Келіңіздер! Көріңіздер!