Құрметті қала тұрғындары!

Семей қаласы тұрғындарының қауіпсіздік туралы ақпараттануын жоғарылату мақсатында 1 қараша күні сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін «Қарағайлы» ықшам ауданында пәтер аралау жұмыстары жүргізіледі. Аталмыш іс-шара барысында түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілетін болады.
Тұрғындардан сабыр сақтап, түсіністікпен қарауды сұраймыз!