Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2026 жылдың 3-ші тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес, дене шынықтыру және спорт бөлімі қалалық деңгейдегі спорттық жарыстарды өткізу мен қала құрама командасын жасақтап, облыстық жарыстарға қатысуы үшін іс сапарға жіберу функциясын атқарады.

2026 жылдың 3-ші тоқсанында Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімімен салауатты өмір салтын, дене шынықтыру және спортты насихаттау бойынша келесідей жұмыстар жүргізілді.

Бөлінген қаражат аясында бөлімнің бұқаралық іс-шаралар күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 3-ші тоқсанында бөлімнің ұйымдастыруымен, 50-ге жуық спорттық жарыс, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында 10-ға жуық спорттық жарыс өткізілді.

Аталған іс-шаралардың ішінде келесідей ауқымды спорттық іс-шаралар өткізілді:

- «Қазақстан баскетболының 100 жылдығы» мерейтойы аясында баскетболдан4 кезеңнен тұратын қалалық әуесқойлар лигасы жарысының3-ші кезең жарысы өткізілді;

- Жағажай волейболынан Семей қаласының әуесқой командалары арасында «Қалалық әуесқойлар Лигасы» жарысы;

- Шағын-футболдан «Әуесқойлар лигасы» жарысы;

- ҚР Спорт күніне арналған қаламыздың спорт саласының мамандары мен спорт ардагерлерін салтанатты марапаттау рәсімі;

- ҚР Спорт күніне орай Семей қаласы әкімінің жүлдесіне арналған бокстан ерлер арасында ашық қалалық турнир;

- Қала күніне арналған «SEMEY BATYRY» күштік экстрим жарысы төртінші жыл қатарынан дәстүрлі түрде өткізілді;

- Тұңғыш рет қала күніне арналған «TUNGI RUN SEMEY-2026» түнгі марафоны өтіп, оған 500-ге жуық қала тұрғыны қатысты;

-Қала күніне арналған қоян-қолтық ұрыстан «ARB SEMEY» тунирі өткізілді, оған Өзбекстан, Қырғызстан жәнеРесей федерциясының спортшылары қатысты;

- Қала күніне арналған ұлттық ат спорты бәйгеден қалалық турнир өткізіліп, аламан бәйге, құнан жарыс, топ бәйге қашықтықтары бойынша демеушілер есебінен 2 автокөлік және бір квадрацикл жүлдеге тігілді;

Сонымен қоса, ипподромда бәйгемен қатар аударыспақ, қол күресі, гір көтеру, арқан тарту бойынша жарыстары өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2026 жылдың 3-ші тоқсанында бөлімнің күнтізбелік жоспарына сәйкес 10-нан астам облыстық жарыстарға 200-ге жуыққаланың спортшылары іссапарға жіберілді, оның ішінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер санын 1 орын - 11 спортшы,2 орын - 45 спортшы,3 орын - 62 спортшы.

Қаланың спорттық инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Ұшақтар»кентіндегі екі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталып қолданысқа берілді.

2026 жылыдың 3-ші тоқсанында бөліммен уәкілетті орган ретінде, спорт разрядтары мен санаттарын тағайындау бойынша 156 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 

Туризм

Семей қаласының туристік әлеуетін арттыру және қала қонақтарына қолайлы жағдай жасау мақсатында қаланың туристік картасы мен жолсілтемесі әзірленуде.

Бүгінгі таңда жолсілтеменің дизайны және мәтіндік құрылымы тиісті мамандардың қатысуымен құрылған комиссиямен тексеріліп, бекітілді. Жылдың соңына дейін үш тілде (қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі) 500 данадан туристік жолсілтеме және 500 данадан туристік картаәзірленеді.

Сонымен қатар, Семей қаласының тұрғындары мен қала қонақтарының қысқы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес «Климат Контроль» компаниясымен заманауи ашық мұз айдынынының құрылысы туралы меморандум бекітілді. Қазіргі таңда орталық саябақта көлемі 1600 шаршы метрді құрайтын ашық заманауи мұз айдынының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жарияланған күні

19 қараша 2026 17:27

Жаңарту күні

19 қараша 2026