Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының 08.12.2025 № 196 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) және 11) тармақшаларына, 27- бабының 2-тармағына, 28 бабының 3 және 4-тармақтарына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)
тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Ескерту. Бұйрық преамбуламен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 16.09.2025 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса берілген:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары;

2) 01.03.2023 бастап 31.12.2023 дейін қолданыста болды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 27.02.2023 № 49 бұйрығымен; 2-1) осы бұйрықтың 2-2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары;
3) 01.03.2023 бастап 31.12.2023 дейін қолданыста болды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 27.02.2023 № 49 бұйрығымен. 3-1) осы бұйрықтың 2-3-қосымшасына сәйкес ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 27.02.2023 № 49 (01.03.2023 бастап 31.12.2023 дейін қолданысқа енгізіледі); 09.02.2024 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2024 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) бұйрықтарымен.
2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды
деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңмен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық
бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаров

Жарияланған күні

27 қазан 2026 13:09

Жаңарту күні

27 қазан 2026

Түрі