Семей қаласында 2027 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Жоба
Семей қаласында 2027 жылға арналған
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы
салық режимін қолдану кезінде салық
мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабының 1 - тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726 - бабына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
-
Семей қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, 2027 жылға арналған есепті салық кезеңіне салық салу объектісіне 4% - дан 2% - ға дейін төмендетілсін.
-
Осы шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Семей қаласы мәслихатының төрағасы
9