Акимат города Семей

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Көлік

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Семей қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, автомобиль жолдарының сапасын жақсарту, жаяу жүргіншілер үшін қолайлы жағдай жасау және қоғамдық көлік паркін жаңарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Жол инфрақұрылымын жаңғырту және қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру бойынша жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады.

Жол инфрақұрылымын жаңғырту

Қазіргі уақытта Семей қаласында жалпы ұзындығы 756 шақырымды құрайтын 1 179 көше бар.

Абай облысы құрылғанға дейін қала жолдарының небәрі 36%-ы асфальтталған болса, қабылданған шаралардың нәтижесінде қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 50%-ға жетті.

Қала көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, Абай, Жангелдин, Мичурин, Сеченов, Құнанбай және басқа да көшелерде ескі асфальт жамылғысы жаңартылып, жаяу жүргіншілер жолдары салынып, жол инфрақұрылымы кешенді түрде жаңғыртылуда.

Бұған дейін орташа жол жөндеу барысында негізінен асфальтбетон жамылғысы ауыстырылып, жол жиектері көп жағдайда жаңартылмайтын. Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін ескере отырып, биылдан бастап орташа жөндеу жұмыстары кешенді түрде жүргізілуде.

Көлік қозғалысы жоғары магистральдық көшелерде жол жамылғысы жаңартылып, жаңа жол жиектері орнатылуда.

Жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы

Қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа тротуарлар салу және тозығы жеткен жаяу жүргіншілер жолдарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғындардың өтініштері негізінде «Северный» сауда-логистикалық орталығы маңында, «Энергетик» шағын ауданында, сондай-ақ Шугаев және Мұхамедханов көшелерінің бойында жаңа тротуарлар салу жұмыстары толық аяқталды.

Қазіргі уақытта Шәкәрім даңғылы мен Қаржаубайұлы көшесіндегі ескі тротуарларды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен қаланың басқа көшелерінде де жалғасады.

Жолдарды ағымдағы жөндеу

Қала жолдарында ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізілуде. Бүгінгі таңда 42 мың шаршы метр жолға шұңқырлы жөндеу жұмыстары орындалды.

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында су өткізгіш құбырлар орнатылып, жол жиектері нығайтылуда.

Инженерлік желілер жүргізілген көшелерде құм-қиыршық тас төсеу және жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 30 көшеде тиісті жұмыстар аяқталды.

Теміржол өткелдерін жаңарту

2026 жылы Семей қаласындағы теміржол өткелдерін кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары басталды.

Речников көшесіндегі пилоттық жоба өз тиімділігін көрсетіп, қазіргі уақытта Қаржаубайұлы көшесіндегі теміржол өткелі толық жөнделді.

Сонымен қатар Мичурин көшесіндегі үш өткелде, сондай-ақ Лебаев және Титов көшелеріндегі өткелдерде жұмыстар жүргізілуде.

Жыл соңына дейін кемінде 8 теміржол өткелін жаңарту жоспарланған.

Қоғамдық көлік

Семей қаласында қазіргі уақытта 43 тұрақты қоғамдық көлік бағыты жұмыс істейді. Қала тұрғындарына күн сайын 329 автобус қызмет көрсетеді.

Қоғамдық көлік паркін жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Жыл басынан бері тасымалдаушы ұйымдар 61 жаңа автобус сатып алды, оның ішінде 15 электробус бар.

Қоғамдық көлік паркінің жаңаруын одан әрі жалғастыру мақсатында жыл соңына дейін қосымша 45 жаңа автобус сатып алу жоспарланған.

Бұл шаралар қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыруға, автобус паркінің жаңару деңгейін көтеруге және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің қолайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Аулалық және ішкі орам жолдарын абаттандыру

2026 жылы тұрғын үйлердің аулалары мен ішкі орам жолдарын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта 12 мекенжайда жұмыстар толық аяқталды, тағы 10 аулада асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілерін орнату, жаңа бағдаршамдар қою және жол таңбаларын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мектептердің маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің 90%-дан астамы жаңартылды. Жұмыстар ұзақ мерзімге төзімді заманауи материалдарды пайдалана отырып жүзеге асырылуда.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, қоғамдық көлік паркін жаңарту, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын жақсарту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жыл соңына дейін жалғастырылады.

Документы
Ақпарат
19 июня 2026
№5 МӘЖІЛІС ХАТТАМАСЫ Тарифтер жөніндегі комиссияның және (немесе) маршрут құнын анықтау жөніндегі комиссияның (ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастар)
Ақпарат
19 июня 2026
№4 МӘЖІЛІС ХАТТАМАСЫ Тарифтер жөніндегі комиссияның және (немесе) маршрут құнын анықтау жөніндегі комиссияның (ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастар)
Ақпарат
19 июня 2026
№3 МӘЖІЛІС ХАТТАМАСЫ Тарифтер жөніндегі комиссияның және (немесе) маршрут құнын анықтау жөніндегі комиссияның (ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастар)
Новости
Полезные материалы
Көлік
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Жолаушыларды тасымалдау басқару орталығы» ЖШС
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы