Акимат города Семей

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Тұрғын үй қатынастары

«Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ 2026 жылдың екінші жартыжылдығына атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

Семей қаласында 1 588 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның ішінде:

орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылғаны – 1 346 үй;

орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмағаны – 223 үй.

Аталған үйлерге барлығы 626 басқару органы мен сервистік ұйым қызмет көрсетеді, оның ішінде:

  • ОСИ (Мүлік иелерінің бірлестігі) – 237;
  • НСУ (Тікелей бірлесіп басқару, 16 пәтерге дейінгі үйлер) – 141;
  • КСК (Пәтер иелері кооперативі), ПКСК (Пәтер иелерінің өндірістік кооперативі) – 149;
  • ЖК (Тұрғын үй кооперативі) – 4;
  • Сервистік ұйымдар (ЖК, ЖШС, ӨК) – 97.

Басқару органы жоқ, алайда үйдің жауапты тұлғалары (үй старосталары) бар үйлер саны – 97, оның ішінде:

  • ресми түрде авариялық деп танылғаны – 58 үй;
  • тозығы жеткен деп танылғаны – 16 үй.

2026 жылғы ақпан айында 8 көппәтерлі тұрғын үйге техникалық тексеру жүргізіліп, оның ішінде 5 үй ресми түрде авариялық деп танылды.

Сондай-ақ, 2026 жылғы маусым айында тағы 10 көппәтерлі тұрғын үйге техникалық тексеру жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілді.

Қазіргі уақытта 752 көппәтерлі тұрғын үйде кондоминиум объектілерін мемлекеттік тіркеу (жер учаскесіне арналған актіні рәсімдеумен бірге) жүзеге асырылған. Жыл сайын тұрғындардың өтініштері негізінде бюджет қаражаты есебінен орта есеппен 36 кондоминиум объектісі рәсімделеді.

2026 жылы 20 көппәтерлі тұрғын үйде (КТҮ) кондоминиум объектілерін мемлекеттік тіркеу жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланды. Конкурс қорытындысы бойынша аталған жұмыстарды орындауға мердігер ұйым анықталды.

Бүгінгі күні 8 көппәтерлі тұрғын үйде кондоминиум объектілерін мемлекеттік тіркеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін тағы 6 мекенжай бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, бөлім мамандары күн сайын «Е-өтініш» бағдарламасы арқылы келіп түсетін өтініштерді қарайды. 2026 жылдың 6 айында 260 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер бойынша бөлім мамандары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, өтініштерде көрсетілген мәселелер бойынша түсіндірмелер берді.

Бұдан бөлек, 2026 жылы «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы қауіпті техникалық құрылғыларды (лифтілерді, эскалаторларды, газ резервуарлық қондырғыларды) есепке қою, сондай-ақ лифтілер мен газ резервуарлық қондырғыларды орнату жобаларын келісу бойынша мемлекеттік қызметтерді алуға 140 өтінім келіп түсті.

Қазіргі уақытта 348 лифт есепке қойылып, қауіпті техникалық құрылғыларды орнатуға арналған 52 жоба келісілді.

Сондай-ақ, бөлім мамандары кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және басқару нысанын құру мәселелері бойынша пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерімен 57 жиналыс өткізді.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы бөлім мамандары Төтенше жағдайлар басқармасының (ТЖБ) мамандарымен бірлесіп, қаладағы газ толтыру пункттерінің қызметкерлерімен кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған жұмыстар туралы ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшада жарияланды.

Сонымен қатар, екі қабаттан жоғары көппәтерлі тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдалануға тыйым салу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, тұрғындарға жадынамалар мен ақпараттық материалдар таратылды.

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар «2-10-20» және «5-10-20» мемлекеттік бағдарламаларына қатыса алады. Аталған бағдарламалар «Отбасы банк» арқылы жүзеге асырылады.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығынан бастап қазіргі уақытқа дейін 89 тұрғын үй сертификаты берілді.

2025 жылғы желтоқсан айында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін 327 пәтер сатып алынды. Бүгінгі күні кезекте тұрған 317 азаматпен жалдау шарттары жасалды.

2026 жылы «Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылып, оның аясында 30 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бағдарламаның шарттары: жасы 35-ке дейін қоса алғанда, тұрғын үйге меншік құқығының болмауы және тұрғын үй кезегінде міндетті түрде тұруы.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығынан бастап қазіргі уақытқа дейін мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді 153 азамат жекешелендірді.

2026 жылы мемлекеттік мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою секторы Семей қаласы әкімінің мемлекеттік мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) және ақшалай өтемақы төлеу туралы 7 талап-арызын сотқа жолдады, оның ішінде екі іс 2025 жылдан өтпелі болып табылады.

Олардың ішінде 6 сот шешімі заңды күшіне енді, оның ішінде:

3 шешім - Конгресс-холл құрылысы бойынша (талап қою талаптары қанағаттандырылды);

1 шешім мәжбүрлеу туралы  іс (талап қою талаптарын қанағаттандырудан бас тартылды);

1 шешім - мектеп құрылысы бойынша (талап қою талаптары қанағаттандырылды)

2 шешім - 300 орынға арналған емхана құрылысы бойынша (талап қою талаптарын қанағаттандырудан бас тартылды).

Қаралу сатысында 1 - іс бар Конгресс-холл құрылысы бойынша;

Конгресс-холл құрылысына қатысты 5 іс кассациялық сотта қаралып, төменгі сатыдағы соттардың шешімдері өзгеріссіз қалдырылды.

  1. Әкімдіктің 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 29 «Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» қаулысы

Конгресс-холл құрылысын салу үшін 85 жер учаскесі мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

Бүгінгі таңда 84 жер учаскесінің бағалау құны анықталды, 1 жер учаскесі бойынша мұрагерлікке қатысты құжаттарды ресімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Оның ішінде:

2024 жылы 52 жер учаскесі сатып алынды. Бюджеттен 1 575 604,9 мың теңге бөлініп, қаражат толық игерілді.

2025 жылы 27 жер учаскесі сатып алынды (7 учаске бойынша шарттар жасалды, 20 учаске бойынша сот шешімдері негізінде). Бюджеттен 802 052 мың теңге бөлініп, қаражат толық игерілді.

Осылайша, 2026 жылы 6 жер учаскесі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сот өндірісінде болған 5 жылжымайтын мүлік объектісі бойынша сот шешіміне сәйкес өтемақының жалпы сомасы 133 873 332 теңгені құрады, аталған қаражат бюджеттен бөлінді. Оның ішінде:

2 жер учаскесі бойынша сот шешіміне сәйкес 40 666,7 мың теңге мөлшерінде өтемақы төленді;

3 жер учаскесі бойынша сот шешімдері кассациялық сотта қаралды, алайда меншік иелері өтемақы төлеу үшін банк деректемелерін ұсынудан бас тартуда.

Р. Т. Атаханов, А. Ж. Атаханова және Д. С. Досмұхановтың жер учаскелері бойынша дауды сотқа дейін реттеу әрекеттері оң нәтиже бермегендіктен, іс соттың қарауына берілді.

Аталған қаулыларды орындау бойынша жұмыстар жалғасуда.

  1. Әкімдіктің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 730 «Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» қаулысы

Семей қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі, 102-үй мекенжайында орналасқан (балалар саябағы) 1 объект мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

Аумағы 1,2085 га жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 23-252-025-1473) уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығында орналасқан.

Бағалау нәтижелері бойынша өтемақы сомасы 6 478 829 теңгені құрады, алайда меншік иесі аталған сомаға келіспеді.

Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі шешімімен Семей қаласы әкімінің талап қою арызы қанағаттандырылды. Сот жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарып, Филиппов В. А.-ға 183 069 248 теңге мөлшерінде өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады.

Абай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Меншік иесі кассациялық сотқа талап қою арызын беріп, оны екінші сот отырысында өзі кері қайтарып алды.

2026 жылғы 19 маусымда жер учаскесін жалдау құқығы үшін төленетін өтемақы мөлшерімен келіспеуге байланысты № 1013-25-00-2/934 іс бойынша сот актілеріне Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы кассациялық наразылық келтірді. Істі қарау күні сот тарапынан қосымша хабарланатын болады.

  1. Әкімдіктің 2025 жылғы 15 мамырдағы №415 «Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» қаулысымен мектеп салу және оған қызмет көрсету үшін 9 жер учаскесі енгізілді.

2025 жылы 7 меншік иесімен жер учаскелерін мемлекеттік мұқтаждықтар үшін иеліктен шығару туралы шарттар жасалып, жалпы сомасы 57 607 104 теңге көлемінде ақшалай өтемақы толық көлемде 2025 жылы төленді.

Қалған екі жер учаскесі бойынша төмендегіні хабарлаймыз:

- Шығыс оң жағалауы массиві, 7321 мекенжайында орналасқан жер учаскесінің нарықтық құнын бағалау компаниясы «Фин ЮТА Консалтинг» ЖШС 1 592 420 теңге мөлшерінде айқындады. Меншік иесі ақшалай өтемақы сомасымен келісетіндігі туралы өтінішін 2025 жылғы 23 шілдеде білдірді.

- Телефонная көшесі, 15 мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 23:252:034:581 жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесі Салихова Г. С. сотқа дейінгі реттеуге келіспеуіне байланысты іс сотта қаралды. Соттың 2026 жылғы 7 шілдедегі № 1011-26-00-2/3207 шешімімен талап қою талаптары қанағаттандырылды. Сарапшының қорытындысына сәйкес өтемақы мөлшері 20 357 024 теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта ақшалай қаражат бөлінбеген. Аталған қаулыларды орындау бойынша жұмыстар жалғасуда.

  1. Әкімдіктің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 386 «Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» қаулысы

Семей қаласы, академик Сәтбаев көшесінде орналасқан жер учаскесі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға (сатып алуға) жатады.

Жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 23-252-002-1056) уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығында орналасқан, ауданы – 0,1075 га.

Аталған жер учаскесіне бағалау жүргізілді. Өтемақы сомасы 196 392 теңгені құрады. Меншік иесі өтемақы мөлшерімен келіспеді.

Меншік иесінің өтемақы мөлшерімен келіспеуіне байланысты Жер қатынастары бөлімі өтем ретінде академик Сәтбаев көшесінде орналасқан, жасанды футбол алаңы мен мұз айдынын орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған, ауданы 0,1300 га, уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығындағы тең бағалы жер учаскесін ұсынды.

  1. Әкімдіктің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 387 «Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» қаулысы

Семей қаласы, 657-километр көшесі, 5-үй мекенжайында орналасқан жер учаскесі аумақты абаттандыру мақсатында мәжбүрлеп иеліктен шығаруға (сатып алуға) жатады.

Жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 23-252-165-289) уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығында орналасқан, ауданы – 0,1075 га.

Аталған жер учаскесіне бағалау жүргізілді. Өтемақы сомасы 106 348 теңгені құрады. Меншік иесі өтемақы мөлшерімен келіспеді.

Меншік иесінің өтемақы мөлшерімен келіспеуіне байланысты Жер қатынастары бөлімі өтем ретінде Қарағайлы тұрғын ауданында орналасқан, тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған, ауданы 0,8533 га, уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығындағы тең бағалы жер учаскесін ұсынды.

  1. Әкімдіктің 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 397 «Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» қаулысы

Абай облысы, Семей қаласындағы Шұғаев және академик Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы әртүрлі деңгейдегі көлік айрығын реконструкциялау үшін 3 жер учаскесі мәжбүрлеп иеліктен шығаруға (сатып алуға) жатады.

«Фин ЮТА Консалтинг» ЖШС бағалау компаниясы 3 объектінің нарықтық құнын анықтады. Объектілердің жалпы нарықтық құны 271 964 370 теңгені құрады.

Меншік иесі ақшалай өтемақы алуға келісім білдірді. Ақшалай қаражат бөлінбеген.

  1. Әкімдіктің 2026 жылғы 17 шілдедегі № 853 «Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» қаулысы

Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, ескі көпір маңында орналасқан, жарнамалық конструкцияға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі мәжбүрлеп иеліктен шығаруға (сатып алуға) жатады.

Аталған қаулыны орындау бойынша жұмыстар жалғасуда.

  1. Әкімдіктің 2026 жылғы 18 тамыздағы № 995 «Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» қаулысы

Семей қаласы, Әріп Тәңірбергенов көшесінде, ескі көпір маңында орналасқан, жарнамалық конструкцияға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі мәжбүрлеп иеліктен шығаруға (сатып алуға) жатады.

Аталған қаулыны орындау бойынша жұмыстар жалғасуда.

Документы
Ақпарат
13 октября 2026
«Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ 2026 жылдың екінші жартыжылдығына атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат
Ақпарат
14 июля 2026
«Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат
Ақпарат
08 июля 2025
2025 жылғы 1 жартыжылдық бойыншаТұрғын үй қатынастары туралы ақпараты
Новости
Полезные материалы
Тұрғын үй қатынастары
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы