«Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай облысы Семей қаласының «Семей тәртіп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызмет

Қызметтері түрі:

1)      қала әкімі аппаратының теңгеріміндегі ғимараттарды күтіп  ұстау;

2)      қала әкімінің аппаратымен өткізілетін іс шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесу;

3)      қала аумағында орнатылған балалар және спорт алаңдарын күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;

4)      су басудың алдын алу мақсатында салынған ирригациялық жүйелерді күтіп  ұстау жұмыстарын жүргізу;

5)      пробация қызметінен ұсынылған жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық - атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру;

6)      кіші сәулеттік пішіндерді күтіп ұстау;

7)      көшелерге орнатылған урналарды күтіп ұстау;

8)      жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін күтіп ұстау;

9)      көшелердегі жаяужолдар мен қоршауларды күтіп ұстау;

10)    қала әкімі аппаратының меншігіндегі жерлеу зираттары мен өзге де жерлеу орындарын күтіп  ұстау;

11)    зират қорымын ұстау және пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық - өкімдік және әкімшілік - шаруашылық функцияларды жүзеге асыру;

12)    туысы жоқ адамдарды жерлеуді ұйымдастыру;

13)    жерлеу орындарын абаттандыру және оларды күтіп  ұстау;

14) ғимараттарды, инженерлік жабдықтарды, зират қорымының аумағын, қоршауды, жарықтандыруды жарамды күйде ұстау;

15)    жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарды және шаруашылық мақсаттағы басқа да учаскелерді жүйелі түрде жинауды, сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсетуді, зираттың бүкіл аумағындағы жасыл екпелерді күтіп ұстауды, жолдарды ағымдағы жөндеуді және қоқысты уақтылы шығаруды қоса алғанда, зираттарды күтіп ұстау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылау;

16)    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зират аумағындағы объектілерді (өтпе жолдар, соқпақтар, гүлбақтар, көгалдар, кәріздік, электрлік және су құбыры желілері және құрылыстар) тиісті тәртіппен күтіп  ұстау;

17)    қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерге және орталық көшелерге орнатылған декоративті жарықшамдарды күтіп ұстау;

18)    қала аумағындағы тарихи және мәдени мұраны күтіп ұстау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

19)    жергілікті атқарушы органдармен өткізілетін жиналыстар, форумдар, конференцияларды және басқа да іс шараларды ұйымдастыру барысында қатысу және ықпал ету;

20)    Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қала әкімі аппаратының меншігіне берілген ғимараттарды, нысандарды, құрылыстарды күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;

21)    Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген басқа да қызметтерді жүзеге асыру.