"Абай облысы Семей қаласының қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарға әлеуметтік, медициналық және өзге де көмек көрсету; халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету; қалада қоғамдық тәртіпті нығайту; қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін, әлеуметтік-еңбекке бейімделуін арттыруға бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру; Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; болуға қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған қызмет алушыларды қабылдау.