Меню

Страницы

Статья

Төрлет, Жаңа жыл!

Облыс әкімі Жаңа жылға арналған мерекелік шараны тамашалады

 

Семей қаласының орталық алаңында «Төрлет, Жаңа жыл!» атты мерекелік шара өтті. Абай атындағы театр, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония және қалалық мәдениет сарайының өнерпаздары қала тұрғындары мен қонақтарына театрландырылған қойылым мен концерттік бағдарлама ұсынды. Алаңға жиналған жұртшылық Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдық құттықтауын тыңдады.

 

Облыс әкімі Берік Уәли қала тұрғындарымен бірге орталық алаңдағы мерекелік концертті және жаңажылдық отшашуды тамашалады. Орталық алаңға 10 мыңнан астам адам жиналды.

 

Биыл Жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында демеушілердің қаражатымен орталық алаңдағы Арбат бойы жұлдызды аспан шамдарымен безендірілді. Шаһардың әрбір аудандарына 40-тан астам мафтар орнатылды. Сонымен қатар мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік ғимараттар аймағы түрлі түсті жарықтармен әшекейленді.

 
Дата публикации
10 июня 2026
Дата обновления
11 июня 2026
Тип
Периодическое СМИ

Сейчас читают

23 июля 2026
Сведения о юридических лицах, уведомивших ЦИК о проведении опросов общественного мнения
23 июля 2026
Call-центры по которым можно проверить свой адрес и номер избирательного участка для голосования
Информация
16 июля 2026
Места для встреч с избирателями

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы