Меню

Страницы

Статья

Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу


⚡️Президент Жолдауын жүзеге асыру жөнінде кездесу өтті

Бүгін Абай облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша кездесу өтті. Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысты.

Жиынды ашқан аймақ басшысы Жолдауды іске асыру бойынша Абай облысында жүйелі жұмыстардың қолға алынып жатқанын атап өтті.

«Жолдаудағы басым бағыттардың бірі – цифрландыру саясаты аясында Абай облысының 2026-2030 жылдарға арналған цифрлық трансформация стратегиясы жасақталуда. Стратегияны әзірлеудегі негізгі мақсат – облысты инновациялық және технологиялық тұрғыдан дамыған аймаққа айналдыру. Жасанды интеллекті өңірдің барлық салаларына енгізу, интернет инфрақұрылымын кеңейту, Smart City жобаларын енгізу, мемлекеттік қызметтерді толық онлайн форматқа көшіру және цифрлық білім мен IT-экожүйені дамытуды көздеп отырмыз. Біздің мақсат – ел Президентінің тапсырмаларын тиімді орындап, халықпен кері байланысты күшейту, цифрлық қызметтердің қолжетімділігін арттыру», - деді облыс әкімі.

Абай облысында туризмді дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы жобасы әзірленді. Биыл Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шаралар облысқа мыңдаған турист тартуға мүмкіндік берді. Ал Алакөлде Арбат алаңын жөндеу, жаңа қоғамдық кеңістік салу және жағалауды абаттандыру үшін 658 млн теңге бөлінді. 2026 жылы көл аумағындағы жұмыстар толық аяқталып, өзге туристік бағыттарды жүйелі дамыту жалғасады.

Дата публикации
10 июня 2026
Дата обновления
05 ноября 2025
Тип
Доклад

Сейчас читают

23 июля 2026
Сведения о юридических лицах, уведомивших ЦИК о проведении опросов общественного мнения
23 июля 2026
Call-центры по которым можно проверить свой адрес и номер избирательного участка для голосования
Информация
16 июля 2026
Места для встреч с избирателями

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы