Халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін тағы бір түйткіл бұл – жол қауіпсіздігі. Мен былтырғы Жолдауда бұған арнайы тоқталдым.
Әрине, біраз шаруа жасалып жатыр. Соған қарамастан, көлік апаттары азаймай тұр.
Жыл басынан бері 22 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Шын мәнінде, көп нәрсе көлік жүргізушілерінің өзіне байланысты, себебі жол ережесін бұзатындар аз емес. Каждый человек должен осознавать свою ответственность за свою жизнь и безопасность окружающих людей. Необходимо всем обществом формировать культуру вождения.