Шүлбі кентінің волейбол командасы жеңімпаз атанды
🏐Бүгін Бородулиха ауданында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған волейболдан аудан әкімінің кубогы үшін жарыс өтті. Әйелдер командалары арасында өткен додаға төрт команда қатысып, жоғары деңгейдегі ойын көрсетті.
Шүлбі кентінің командасы барлық қарсыластарынан басым түсіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Жүлделі бірінші орын иегерлері аудан әкімінің кубогымен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!