Шүлбі кентінде заң саласы мамандары тұрғындармен кездесті
30.01.2025 ж. Шүлбі кенті әкімдігінің ғимаратында «Заң мен тәртіп» ақпараттық ілгерілеу жобасы аясында тұрғындармен кездесу өтті. Іс-шараға нотариустар, заң кеңесшілері, жеке сот орындаушылар және адвокаттар қатысып, кент тұрғындарына өзекті құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты кеңес берді.
Кездесу барысында азаматтарға жылжымайтын мүлікке қатысты заңнамалық нормалар, мұрагерлік, алименттік міндеттемелер, атқарушылық іс жүргізу және өзге де маңызды құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. Мамандар тұрғындардың сауалдарына толық жауап беріп, құқықтық көмек көрсету жолдарын түсіндірді.
Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.