🥇Шүлбі кенті оқушылары облыстық жарыстың жеңімпаздары атанды!
Бүгін облыс орталығында орналасқан Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде киокушинкай каратэ бойынша облыстық турнир өтті. Ауқымды жарысқа өңірдің барлық аудандарынан 600-ден астам жас спортшы қатысып, шеберліктерін көрсетті.
Тартысты бәсекеде Шүлбі кентінің оқушылары ерекше өнер көрсетіп, үздік нәтиже тіркеді. Олар турнирдің жеңімпаздары атанып, өз шеберліктерін дәлелдеді.
Жас спортшыларымызды жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Олардың табысы – еңбектің, тәртіптің және жаттықтырушылардың кәсібилігінің нәтижесі. Алдағы уақытта да жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз!
Жаттықтырушы Н.Т.Советов