Жаңасемей ауданының әкімі Алмас Тастенбеков Шүлбі кентінде РК-2 және «Психологическая больница» қазандықтарының жағдайын, көмір қоры мен жылу беру дайындығын тексерді.
Шүлбі кентінде 2 қазандық Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» МКК-ның балансында. Олар магистральдық және орамішілік жылу желілері арқылы тұрғындарға жылу жеткізеді. Магистральдық желілердің жалпы ұзындығы 5168 метрді, орамішілік желілердің ұзындығы 5600 метрді құрайды.