Апаттың алдын алу – сақтықтан басталады. Табиғи және техногендік апаттарға жедел әрекет ету үшін дайындық жұмыстары күшейтілді. Осы бағытта «Қыс-2024» республикалық оқу-жаттығуы аясында Жаңасемей ауданының Шүлбі кентінде арнайы іс-шара өтті.
Шараға өрт сөндірушілер, суда құтқару қызметі, полицейлер, жедел жәрдем және коммуналдық қызмет мамандары қатысып, техникаларын тексеріп, байланыс әрекеттерін пысықтады.
Аудан әкімінің орынбасары Нұржан Зейнуллин оқу-жаттығу барысын бақылап, мекемелердің қысқы кезеңге дайындығын бағалады. Мамандар тапсырмаларын уақытылы әрі толық орындады.
Жаттығуға 25 қызметкер мен 16 техника жұмылдырылды.
@zhanasemey__akimdigi