Жаңасемей ауданының Шүлбі кентіндегі спорт кешенінде волейболдан жолдастық кездесуі өтті.
Жарысқа Шүлбі, Семей және Катонқарағайдың волейбол командалары қатысты. Ерлер командалары арасындағы жарыста Семей қаласының Геологиялық барлау колледжі 1-орынды жеңіп алды. 2-орын Шүлбі кентінің командасына, ал 3-орын Қатонқарағай командасына бұйырды.
Әйелдер командалары арасында бәсекелестік те жоғары деңгейде өтті: 1-орынды Катонқарағай командасы, 2-орынды Семей командасы, ал 3-орынды Шүлбі командасы иеленді.
Жарыс жеңімпаздарына кубок және грамоталар табысталды.